«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
31.08.2023
107 просмотров
Павлодар мұнай өңдеушілері кәсіби мерекелерін атап өтті

         Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде тойланатын мұнай-газ кешені қызметкерлері күнінің қарсаңында павлодарлық мұнай өңдеушілер сіңірген еңбектері үшін марапаттарға ие болды.

      ПМХЗ қызметкерлері «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен, «Мұнай-газ-химия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» («За вклад в развитие нефтяной, газовой и химической промышленности»)  медальдармен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан Құрмет грамоталар мен Естелік белгілермен, сондай-ақ «ПМХЗ» ЖШС атынан Құрмет грамоталармен марапатталды. 

         Қалыптасқан дәстүр бойынша аталмыш күні  зауыттың 12 үздік қызметкеріне Құрмет тақтасына енгізу туралы куәліктер табыс етілді.

         Мереке күні зауыт өндіріс ардагерлерін де назарсыз қалдырмады. Аға буынның екі өкілі «Мұнай-газ-химия саласының еңбек ардагері»  («Ветеран нефтяной, газовой и химической промышленности») медальдарына ие болды. 

    Салтанатты кездесудің қонақтары үшін Павлодар филармониясы ұйымдастырған тамаша меркелік концерт шара қатысушыларына керемет әсер қалдырды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу