«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
14.08.2023
291 просмотров
Павлодарлық мұнай өңдеушілер М.Ж. Көпеевтің 165 жылдығына орай салтанатқа қатысты

Атақты қазақ ақыны, этнограф, философ және көреген Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мерейтойы 2023 жылғы 12 тамызда Баянауыл ауданында атап өтілді. Осыған орай «ПМХЗ» ЖШС облыстың ірі кәсіпорындарымен бірге мерекелік іс-шараларға қатысты.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбектері қазақ халқының рухани мұрасында лайықты орын алады: бұл жиналған фольклор үлгілері, діннің, әдеп пен адамгершіліктің дүниетанымдық мәселелерінің пайымдаулары.

Ойшылдың мерейтойына орай атақты баянауылдықтың ұлттық мәдениетке қосқан үлесін ашуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.

Торайғыров университеті Мәшһүр танушылармен кездесу ұйымдастырды және бұл кездесуде ЖОО өкілдері «Мәшһүр жолы» және Көпеевтің 10 томдық «Таңдамалы шығармалар жинағы» аудиокітаптарын көпшілікке таныстырды. Сонымен қатар республикалық шығармашылық байқау өткізілді. Бұнда жыршылар, термешілер мен айтыскерлер жарысқа түсті.    

Іс-шара қызықты ұлттық бәйге, көкпар және қазақша күрес сияқты ойындардан да тыс қалмады. Ал мереке Павлодар облысының әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қойылымдарымен аяқталды.

Барлық іс-шаралар киіз үйлер көрмесі мен Орта Азия жәрмеңкесі аясында өтті және де онда Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қолөнершілер өз жұмыстарын ұсынды.

 Павлодар мұнайхимия зауыты өзінің бай әсемдеп безендірілген этнографиялық киіз үйін көрсетіп, салтанат қонақтарын бауырсақтан дәм татуға шақырды.

Мереке бағдарламасы Мәшһүр Жүсіп кесенесімен қатар «Ескелді» бірегей мәдени-қонақ үй кешені салынған Ескелді шатқалында өткенін атап өтеміз. Соңғысының құрылысына өз үлесін павлодарлық мұнай өңдеушілер де қосқан. 

Барлық заманауи құрылыстар 2016 жылы «KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың демеушілік қаражатына салынды. Қауымдастықтың мүшесі ретінде ПМХЗ мұражайдың, кітапхананың, бейне залдың және қонақүйдің қасиетті жерде пайда болуына өз үлесін қосты. Енді атқарушы биліктің Көпеев мұрасын танымал ету жөніндегі бастамаларын белсенді қолдауды жалғастыруда.

 

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Суретке түсірген Зухра Меңдібай және Алина Чигак

 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу