«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
15.09.2023
432 просмотров
Көшбасшылық – жастарға

Павлодар мұнайхимия зауытының жұмыскерлері үшін қоғамдық маңызы бар, сондай-ақ кәсіби аудитория арасында танымал болу әдетке айналған. Бұл «Еңбек жолы» республикалық байқауындағы жеңістер және Lean Six Sigma («Үнемді өндіріс») бағдарламасы және өнертапқыштық ұсыныстар бойынша ҚМГ жобалары арасындағы көшбасшылық позиция. Мұның бәрі Павлодар мұнайхимия зауыты техникалық бөлім бастығының технология жөніндегі орынбасары Якобс Сергеевске таныс, ол бұл жолы «Орталық Азия мен Каспийдің мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 10-мерейтойлық конференциясының «Саланың жас, көп үміт күтерлік көшбасшыларын тану» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Орталық Азия мен Каспийдің мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» конференциясы сияқты Еуропадан, АҚШ-тан, Шығыс Азиядан, Түркиядан және Таяу Шығыстан келген жетекші халықаралық технологиялық және инжинирингтік компаниялардың өкілдерімен кездесуге арналған мұндай алаңның өзі – ынталандырушы іс-шара. Біздің батырымыз үшін ол сонымен қатар табыс аумағына айналды, онда ол саланың жас көшбасшысы ретінде жоғары бағаланды.

«Награданың өзі, әрине, мойындау. Яғни мен дұрыс жолдамын», - дейді Якобс. Оның кәсіби өсуі мен дамуы мұны растайды.

Жас номинант Сергеевс «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-де мансабын 2014 жылы 3-разрядты каталитикалық крекинг қондырғысының операторы ретінде бастады. 2016 жылы КТ-1 кешенін қайта жаңартудың белсенді кезеңі қарсаңында Якобс зауытты қайта жаңарту жөніндегі инженер ретінде қайта жаңарту жобасына тартылды.

Қайта жаңарту аяқталғаннан кейін ол іске қосу-баптау жұмыстарына қатысты және техникалық ағылшын тілін білуінің арқасында лицензиар – UOP компаниясының мамандарымен жабдықты ретке келтіру кезінде далалық жұмыстарға аудармашы ретінде тартылды.

Жаңғыртудағы практикалық тәжірибесін зауыт жұмыскері теориялық біліммен тереңдетуге шешім қабылдады, 2017 жылы МИИДБ бағдарламасы бойынша «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Бұдан әрі инженер ретінде өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларға тартылды. Осылайша ол Kellogg Brown and Root, Lean Six Sigma, PEP Solomon жобалары бойынша жұмыс топтарының мүшесі болды. Сала көшбасшылары қатысатын операциялық тиімділікті арттыру жобаларына ену кәсіпорын ішіндегі идеяларды іздеуге және жүзеге асыруға серпін берді.

Якобс мұнай-газ саласында технологиялық дамуға баса назар аударылатынын айтады: кәсіпорындардың өндірістік қорлары жаңартылады, күрделі инвестицияларды қажет ететін жаңа жобалар енгізіледі, технологиялық жабдықтауды қазіргі заманға сай ауыстырады. Осыған байланысты, номинант жаңа білім салаларын үнемі игеріп, мұнай өңдеу үдерістерін техникалық сүйемелдеу үшін жабдықтардың логикалық принциптерін түсініп отыру керек дейді, жас инженер өз уақыт осы іске көп арнайды.

Якобс Сергеевс өзінің әлеуетін дамытуды өзінің жеке кәсіби шеберлігін шыңдауда ғана емес, сонымен бірге өзі жұмыс істейтін, бірлесіп алмас асуларды бағындыруға болатын команданың, ұжымның өсіп дамуында деп біледі.

Әнел Рамазанова, Анна Гронская, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Мұнайлы мекен» газеті корпоративтік басылымы, №9, 2023 ж, 8-б.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу