«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
08.05.2023
526 просмотров
ПМХЗ Павлодар қаласының өндірістік өнеркәсіптерінің арасында өткізілген мини-футболдан жеңімпаз атанды

2023 жылдың 6 мамырында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның 45 жылдығына орайластырылып Павлодар қаласының өндірістік ұжымдары мен кәсіпорындары арасында мини-футболдан турнир өткізілді. Оған ПМХЗ, Каустик, Павлодарэнерго, УПНК, Қазақтелеком, KSP Steel командалары қатысты.

Спорттық дода мамырдың 6 жұлдызында «Sport City» футбол алаңында ұйымдастырылды.

Ойындардың қорытындысы бойынша 3 команда алға шықты: «ПМХЗ» ЖШС, «УПНК-ПВ» ЖШС және «KSP Steel» ЖШС.

Спорттық кездесудің нәтижесі бойынша керемет ойын көрсеткен «KSP Steel» спортшылары үшінші орын алды. Олардан біраз алға шығып, турнир жеңімпаздарымен тартысқа түскен «УПНК-ПВ» ЖШС күміс жүлдеге ие болды. Ал «ПМХЗ» құрамасы топ жарып, жеңімпаз атанды.

Павлодар мұнай-химия зауытының техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу департаментінің директоры Сергей Шевченко жарысқа қатысушыларға кубоктар мен спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған сертификаттарды табыстады.

Павлодар мұнай-химия зауытының техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу департаментінің директоры Сергей Шевченко жарысқа қатысушыларға кубоктар мен спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған сертификаттарды табыстады.Спорттық кездесудің нәтижесі бойынша керемет ойын көрсеткен «KSP Steel» спортшылары үшінші орын алды. Олардан біраз алға шығып, турнир жеңімпаздарымен тартысқа түскен «УПНК-ПВ» ЖШС күміс жүлдеге ие болды. Ал «ПМХЗ» құрамасы топ жарып, жеңімпаз атанды.
Павлодар мұнай-химия зауытының техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу департаментінің директоры Сергей Шевченко жарысқа қатысушыларға кубоктар мен спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған сертификаттарды табыстады.

Топтық жеңістен бөлек кейбір спортшылар жеке марапаттарға да ие болды. Осылайша «ПМХЗ» ЖШС ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің технологиялық қондырғылар операторы Олег Мухтаров үздік қақпашы атағына ие болса, «ПМХЗ» ЖШС мұнайды терең өңдеу өндірісінің технологиялық қондырғылар операторы Рысбек Баданов үздік ойыншы атанды.

Турнирдің ұйымдастырылу деңгейі жарысқа қатысушылардың көңілдерінен шықты. Олай деудің себебі өңіріміздің ірі кәсіпорындарының арасындағы спорттық жарыста белсенділік танытып, Павлодар мұнай-химия зауытының қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу