«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
22.08.2023
377 просмотров
ПМХЗ құрамасы «Самұрық-Қазына» АҚ спартакиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізді

ПМХЗ-ның 2023 жылғы спорттық жеңістерінің шарықтау шегі зауыт қызметкерлерінің «Самұрық-Қазына» АҚ спартакиадасында көрсеткен өнері болды.

ПМХЗ-ның 2023 жылғы спорттық жеңістерінің шарықтау шегі зауыт қызметкерлерінің «Самұрық-Қазына» АҚ спартакиадасында көрсеткен өнері болды.

2023 жылдың 17-21 тамызы аралығында ҚМГ ЕТҰөкілдері – «ҚазМұнайГаз» спартакиадасының жеңімпаздары «Самұрық-Қазына» АҚ спартакиадасында кездесті. ҚМГ құрамасына ПМХЗ спортшылары да кірді. Біздің зауыткерлерімізбен бірге ұлттық компания туын көтеру "Қазгермұнай" БК" ЖШС-ға, «ҚазТрансОйл» АҚ-ға, АМӨЗ-ге, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ға бұйырды.

ПМХЗ жақсы өнер көрсетіп, келесі спорт түрлері бойынша топтық есепте мынадай жүлделі орындарға ие болды:

- Киберспорттан 1 орын;

- Ерлер арасында баскетболдан 2 орын;

- Ерлер арасында үстел теннисінен 3 орын. 

Киберспорттан ПМХЗ командасы бірінші орынды «Samruk Energy» құрамасынан күрделі тартыстың нәтижесінде жеңіп алды. Киберспортшылар қатарында Қажымұқан Тасқынов (Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу кешенінің құюшы-қотарушысы, МКТӨ), Бахтияр Бауыржанұлы (тауар операторы, АМӨ), Евгений Волокитин (Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің компрессорлық қондырғылар машинисі, МБӨӨ), Әсет Смайылов пен Әділхан Мөнеров (Мұнайды терең өңдеу өндірісінің технологиялық қондырғылар операторлары, МТӨӨ) болды.

Самұрық-Қазына спартакиадасында екінші орынға қол жеткізген ПМХЗ баскетбол командасының құрамында Рустам Галимов (құюшы-қотарушы, МКТӨ), Қаныш Демесінов (құю-төгу эстакадасының басшысы, МКТӨ), Әділ Өгізбаев (технологиялық қондырғылар операторы, КӨжәнеЗШ), Темір Құрбаев (технологиялық қондырғылар операторы, АМҚӨӨ), Дмитрий Мацилевский (технологиялық қондырғылар операторы, МТӨӨ), Ғизат Бүркітбаев (технологиялық қондырғылар опреаторы, МТӨӨ), Досмұхаммед Советхан (технологиялық қондырғылар операторы, МБӨӨ) және Игорь Грибенников (ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы), Сергей Петрук (еңбекті қорғау бойынша бас техникалық жетекші – еңбек пен қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры) ойнады.

Сондай-ақ жеке спорт түрлері бойынша да жақсы нәтижеге жеткен әріптестеріміз де болды. Осылайша МБӨӨ технологиялық қондарғылар операторы Мерғалым Байшүкір тоғызқұмалақ спорт түрінен екінші орынға ие болса, АМҚӨӨ технологиялық қондырғылар операторы Дастан Жұмалиев ерлер арасындағы үстел теннисінен үшінші орынға қол жеткізді. Әйелдер арасында 65 кг және одан да көп салмақ категориясында қолкүрестен АМҚӨӨ тауар операторы Ольга Деревягина төртінші болды.

Сонымен қатар МТӨӨ технологиялық қондырғылар операторы Әділхан Мунеров киберспорттан жарыс нәтижесінде «Үздік ойыншы» жеке номинациясы бойынша атап өтілсе, МКТӨ құюшы-қотарушысы Рустам Галимов баскетболдан үздік ойыншы атанды.

Нәтижесінде әртүрлі номинациялар мен спорт түрлері бойынша ең көп жүлделерді жеңіп алған Павлодар мұнай-химия зауытының командасы «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасында «ҚМГ» командасының жеңіске жетуінде басты рөлдердің бірін атқарды десек артық етпес.

«Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасындағы командалық орындардың тізімі:

- 1 орын - «ҚазМұнайГаз» АҚ;

- 2 орын -  «Самұрық-Энерго» АҚ;

- 3 орын - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ;

- 4 орын - «ҚТЖ» ҰК АҚ;

 - 5 орын - «Кегок» АҚ;

 - 6 орын -  «Қазақтелеком» АҚ;

 - 7 орын - «Qazaq Gaz» АҚ;

 - 8 орын - «Samruk Kazyna – United Green» ЖШС;

 - 9 орын - «Эйр Астана» АҚ;

 - 10 орын - «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС;

 - 11 орын – «Қазпошта» АҚ;

 - 12 орын - «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ;

 - 13 орын - «Samruk-Kazyna Construction» АҚ;

 - 14 орын - «QAZAQ AIR» АҚ;

 - 15 орын - «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.


ПМХЗ ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото Стасевкая Натальянікі


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу