«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
28.12.2023
258 просмотров
ПМХЗ-да 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік өндіріс» және «Үздік бригада» номинацияларының жеңімпаздары анықталды

Өндірістердің 2023 жылы атқарған қызметтеріне жасалған сараптама қорытындысы нәтижесінде «ПМХЗ» ЖШС-ның үздік өндірісі» байқауының жеңімпазы болып Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі атанса, «ПМХЗ» ЖШС-ның үздік бригадасы» номинациясында Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің (нафтаны гидротазарту және каталитикалық риформинг қондырғысының) №2 С-200 бригадасы барлық қатысушылардан озып кетті.

Үздік өндірісті таңдау критерийлеріне өндірістік бағдарламаны орындау, технологиялық тәртіп нормаларын бұзу, жоспардан тыс аналитикалық бақылау жүргізу және сапасыз сараптама бойынша ақпарат беру, EII энергия тиімділігі индексі, АЖЖ бойынша жаттығу барысындағы іс-әрекеттер, сондай-ақ өрт және газ қауіпсіздігі нәтижелері кірді.

«ПМХЗ» ЖШС-ның үздік бригадасын таңдау барысында өндірістік ұжымдардың өндіріс мәдениетін сақтау бойынша жетістіктері, басшылық тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуы, өндірістік жарақат алу жағдайларының болмауы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздікті сақтау мен персоналдың штаттық емес жағдайлардағы әрекет ету тәртібі бойынша ескертулердің жоқтығы есепке алынды.

Жеңімпаз бригаданың құрамында Шарыпов М. Ш., Газимов Р.Р., Сафиуллин Г.М., Жаналы Ж.С., Зверков В.В., Алексин А.В., Байшүкір М.Д., Бағдарханов А. А., Василенко С.П. сынды жігіттер жұмыс істейді.

Үздік өндіріс пен бригаданы марапаттау рәсімі зауыт ұжымының 2023 жылдың 28 желтоқсанында орын алған соңғы жиынында өтті.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Жеңіс Асылжандікі



Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу