«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
10.11.2023
135 просмотров
ПМХЗ-да «Near Miss»: ықтималды қауіпті жағдайларды есепке алу мен сараптауды үйрену бойынша семинар өтті 2023 жылдың 7-10 қарашасы аралығында ПМХЗ-ның өндірістік бөлімшелерінің басшылары «Near Miss» халықаралық бағдарламасы бойынша оқытудан өтті. Бағдарлама жазатайым оқиғаларға әкеліп соғатын, алайда әлеуетті қауіп-қатердің алдын алудың арқасында орын алмаған ықтималды инциденттерді есепке алу мен сараптауға бағытталған. 

«Near Miss» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «нысанға дәл тигізбеу; мүлт кету; біраз тырыссаң, дәл тигізер едің» деген мағынаны білдіреді. Бұл - алдын алуға болатын, ықтималды инциденттерді есепке алу мен сараптау жүйесі.

«Near Miss» бағдарламасы бойынша ПМХЗ-ға арналған семинарды «Байтау Партнерс» ЖШС ұйымдастырып, сабақты бұл тренингтік орталықтың оқытушысы Асхат Ералиев өткізді.

ПМХЗ қызметкерлеріне «Near Miss» бағдарламасының 5 бөлімі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді:

- Тәуекелдік тұжырымдамасы мен оның негізгі компоненттері;

- Тосқауылдық амалдар мен жазатайым оқиға элементтері;

Қауіпсіздіктегі мәдениет пен жетекшілік;

- Жетекшілік етудің тәжірибелік құралдары мен қауіпсіз мінез-құлықты ынталандыру;

- Адами фактор мен оның қалыптасу аспектілері.

Оқытудың теориялық бөлімін меңгергеннен кейін зауыт қызметкерлері тәлімгермен бірге ПМХЗ өндірісінің ерекшеліктеріне байланысты жазатайым оқиғалардың мысалдарын талқылады. Бұндай кейстерді сараптау барысында қызметкерлер инциденттерге әкелген оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланысты тауып, олардың алдын алу шараларын табуды үйренді.

Семинар барысында қызметкерлер арасында қауіпсіздік техникасын сақтағандары үшін ынталандыруды арттыру мен ұжымдағы микроклиматтың жазатайым оқиғалардың орын алу ықтималдығына әсері сияқты сұрақтарға ерекше мән берілді.  

Халықаралық бағдарлама бойынша оқытудан ПМХЗ-ның 50 өндірістік бөлімшесінің басшылары өтті.

Оқыту нәтижесінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ықтималды кез келген тәуекелдерге саналы көзқарас қалыптастырып, ПМХЗ-да жүзеге асырылып жатқан нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын жалғастыру мақсат етілді.

Анықтама:

«Байтау Партнерс» компаниясы мұнай-газ, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және басқа да салаларда жұмыс істейтін компаниялардың қызметкерлерін қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және техникалық бағдарламалар бойынша оқытуға маманданған Қазақстандағы оқу орталығы болып табылады. Компанияның Астана, Атырау, Ақтау, Алматы және Лондон қалаларында оқу класстары мен өндірістік алаңдарын қамтитын кеңселер желісі бар. Қазақстан нарығында оқыту және аударма қызметі саласында 2007 жылдан бастап жұмыс істейді.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу