«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
19.01.2024
141 просмотров
ПМХЗ-да Жастар ПМХЗ-да Жастар ісі жөніндегі кеңестің белсенді мүшелері кәсіпорынның бас директорымен кездесті

2024 жылдың 19 қаңтарында Павлодар мұнай-химия зауытында бас директор Қуаныш Бишімов пен кәсіпорынның Жастар кеңесі мүшелерінің биылғы бірінші кездесуі өтті. Шараның мақсаты – 2023 жылы атқарылған жастар жұмысының қорытындысын шығару және 2024 жылға арналған жоспарларды тұжырымдау.

– 2024 жылды Павлодар мұнай-химия зауытының одан әрі дамуына тың серпіліс берер деген үмітпен «Жастар жылы» деп атадық. Оған қоса «Самұрық-Қазына» АҚ да биыл жастар саясаты мәселесіне ерекше көңіл бөлуді мақсат еткен. Біз әдеттегідей алға шығып, айтылған сөзді атқарылған іспен дәлелдегіміз келді, – деді ПМХЗ бас директоры Қуаныш Бишімов.

Жастар жақсы жаңалықтарын да жасырып қалмады. Мәселен, осы кеңестің жетекшісі Әділ Рғайбек Павлодар облысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы болып тағайындалыпты. Ендігі кезекте үлкен штаб құру ісімен айналысып жатқанын жеткізді.

Жақсы істердің тізімін еселеу үшін жаңа жылға жаңа бағыттар айқындалды. Қуаныш Ердәулетұлы биылдан бастап зауытымызға қайта қосылғанын сервистік компаниялардың жастарын да жаппай қоғамдық жұмыстарға тарту керектігін баса айтты. Одан бөлек «Ертіс» хоккей клубымен жасалған меморандум аясында оларға жанкүйер ретінде қолдау білдіруге шақырды. 

Сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында қаламыздың жоғары білім беру мекемелерінің белсенділерімен кездесіп, оларға ірі мекемелермен қоян-қолтық жұмыс істеуін үйретсек, олардан ұйым ішіндегі ұтымды еңбек бөлінісін меңгеру керек екенін алға тартты.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу