«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
09.02.2024
132 просмотров
ПМХЗ ардагерлері ҚМГ басшысының мұнай өндіру саласының майталмандарымен өткізген есептік кездесуіне қатысты

2024 жылдың 9 ақпанында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы М.М. Мырзағалиев мұнай-газ саласының барлық еншілес кәсіпорындарының 200 құрметті ардагері алдында есеп берді. Ол компанияның 2023 жылғы өндірістік қызметінің нәтижелері мен 2024 жылға арналған жоспарлары туралы айтты.

Шараның өтуіне «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» («МГКА» РҚБ) республикалық қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Ең алдымен ПМХЗ-ға шақырылған 15 ардагер үшін зауыт аумағында экскурсия ұйымдастырылып, кәсіпорындағы технологиялық кешендерде орын алған өзгерістер көрсетілді.

 Есептік кездесудің өзі оқыту орталығының конференц-залында онлайн форматта өткізілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы М.М. Мырзағалиев мұнай-газ саласы ардагерлерімен компанияның инвестициялық және әлеуметтік жобаларына қатысты жоспарлар мен нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ, Мағзұм Маратұлы 2023 жылы ҚМГ кәсіпорындары қызметінің жетекші салаларында қол жеткізген көрсеткіштері 2022 жылмен салыстырғанда едәуір көтерілгенін атап өтті.

Жиын барысында Геология және барлау департаментінің директоры А.А. Төребаев пен «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері»  РҚБ кеңесі мүшесі З.У. Алшымбаев баяндамаларын оқыды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қ.М. Құдайбергенов «Ірі мұнай-газ активтерінде жобаларды іске асыру» тақырыбында сөз сөйледі. Ал Мұнай мен газ өндіру департаментінің директоры Е.Д. Абылханов  жаңа технологиялық талаптар контекстіндегі «Өзен және Қарамандыбас кен орнын қалпына келтіру» жобасы жайлы айтып өтті.

З.У. Алшымбаев атап өткендей, «МГКА» РҚБ мақсаты – жас буынмен тәжірибе бөлісу. Оны жүзеге асыру үшін еліміздің 4 аймағында бұл ардагерлік бірлестіктің филиалдары жұмыс істейді.  

Сонымен қатар шара қатысушылары қазақ мұнайының алғаш рет өндірілуіне 125 жыл толуын мерекелеу барысын талқылады.

Кездесу соңында Мағзұм Маратұлы жиналған ардагерлерге жас мамандармен мұнай өндіру саласында тәжірибе бөліскендері үшін алғысын білдірді.

Ал шараға қатысқан ПМХЗ ардагерлері ресми емес жағдайда әңгімелерін жалғастырды. Олардың қатарында:

№ р/с

ТАӘ

Зауыттағы соңғы лауазымы

Өндіріс/

цех

Зауыттағы еңбек өтілі

1

Шамилов Акиф Ашраф Оглы

5 разрядтағы технологиялық қондырғылар операторы

Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі

41 жыл

2

Будник Вячеслав Петрович

5 разрядтағы технологиялық қондырғылар операторы

Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі

42 жыл

3

Тәшімов Сейілхан Сапарұлы

5 разрядтағы технологиялық сорғылар машинисі

Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі

25 жыл

4

Ташимова Валентина Шамировна

4 разрядтағы тауарлық оператор

Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі

38 жыл

5

Жәкенов Кәрімжан Шаяхметұлы

5 разрядтағы технологиялық қондырғылар операторы

Мұнайды терең өңдеу өндірісі

23 жыл

6

Кузеев Мухамед-Галий Зекенович

6 разрядтағы технологиялық қондырғылар операторы

Мұнайды терең өңдеу өндірісі

25 жыл

7

Капаев Анувар Даирбекович

6 разрядтағы технологиялық қондырғылар операторы

Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі

12 жыл

8

Иманғазин Батырбек Рыскелдіұлы

5 разрядтағы технологиялық сорғылар машинисі

Ашық мұнай өнімдерін өңдеу өндірісі

41 жыл

9

Гордеева Татьяна Владимировна

5 разрядтағы тауарлық оператор

Ашық мұнай өнімдерін өңдеу өндірісі

37 жыл

10

Ақаев Габдулла Абдрахманович

Учаскі басшысы

Электр қуатымен жабдықтау цехі

29 жыл

11

Асадов Валерий Абдуллович

5 разрядтағы БӨҚжәнеА слесарі

Технологиялық процесстерді автоматтандыру және бақылау-өлшеу құралдары цехі

34 жыл

12

Берет Владимир Иванович

6 разрядтағы технологиялық қондырғыларды жөндеу бойынша слесарі

Жөндеу-механикалық цехі

18 жыл

13

Каюпов Ботабай Метенұлы

5 разрядтағы жылу желілеріне қызмет көрсету бойынша слесарі

Бу-ауамен қамтамасыз еті цехі

19 жыл

14

Васильчук Александр Юрьевич

5 разрядтағы тауарлық оператор

Сумен жабдықтау және кәріз цехі

21 жыл

15

Кусова Галина Николаевна

Тізімдеуші

Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Электр жабдықтау цехі

26 жыл

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу