«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
17.02.2024
88 просмотров
ПМХЗ-ның құрылымдық бөлімдерінің арасында «Спартакиада-2024» басталды 2024 жылдың 17 ақпанында Павлодар мұнай-химия зауытының қызметкерлері арасында «Спартакиада-2024» додасының шымылдырығын ашқан шаңғы тебу жарысы өтті. 

Спорттық сайыс «Зеленая роща» шаңғы базасының аумағында ұйымдастырылды.

Белгіленген күн өте аязды болғанымен, суырылып шыққан командалардың жарысты құлшыныспен бастауына кедергі болмады. Шараны ұйымдастырушылар қатысушыларға электр-жылытқыштары мен ыстық сусындары бар жылыту бөлмесімен қамтамасыз етті.

Жарысқа барлығы 14 бөлімше қатысты, әр командада 2 адамнан болды.

Командалық есептің қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізді:


 
Орындар

    ПМХЗ-ның құрылмдық бөлімдері
     1      Зауыт басқармасы
     2      Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (МӨКжТӨ
     3      Мұнайды терең өңдеу өндірісі
(МТӨӨ)
     4      Электр қуатымен қамтамасыз ету цехі
     5      Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі
(МБӨӨ)
     6      Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжЖЗШ)
     7      Мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі
(МҚӨӨ)
     8      Бу-ауамен қамтамасыз ету цехі (БАҚЕЦ)
     9      Сумен қамтамасыз ету және кәріз цехі (СҚЕжКЦ)
     10      Ашық мұнай өнімдері өндірісі (АМӨӨ)
     11      Жөндеу-механикалық цехі (ЖМЦ)
     12      Бақылау-өлшеуіш аспаптары мен технологиялық үрдістерді автоматтандыру цехі
(БӨАмТҮАЦ)
     14      Кіріс жолдарға қызмет көрсету цехі (КЖҚКЦ)
     14      Жөндеу, құрылыс және монтаждау цехі (ЖҚжМ

Жекелей есеп қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізді:

1 орын – Адлан Урумбаев (зауыт басқармасы).

Адлан Урумбаев

2 орын – Алексей Кирьянов (МӨКжТӨ).

Алексей Кирьянов (солдан)

3 место – Ербұлан Мағау (МТӨӨ).

Ербұлан Мағау (солдан)

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен спорттық жабдықтар сатып алуға арналған сертификаттар табысталды.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу