«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
24.02.2024
65 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері арасында үздік мергендер анықталды 2024 жылдың 24 ақпанында мұнай өңдеушілер «Отан» РҚБ спорт-ату клубында өткен зауыттың мылтық ату жарысында мергендіктерін тексеру мүмкіндігіне ие болды. Шараның ұйымдастырылуына «Нефтепереработчик» Жергілікті кәсіподақ» ҚБ мұрындық болды.

Жүлделі орындарға зауыттың 14 құрылымдық бөлімшелерінің екі адамнан тұратын командалары өзара таласты. Оқты нысанаға тигізу мақсатында атқыштар 5,6 мм калибрлі СМ-2 спорттық винтовкасын пайдаланды. Нысанаға дейінгі қашықтық 25 метрді құрады.

Жүлделі орындар келесі командаларға бұйырды:

1 орын – Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (А.В. Кирьянов, А.В. Усихин), 37 ұпай.

2 орын– Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (Я.Е. Макаров, М.В. Бахиров), 32 ұпай.

3 орын – Зауыт басқармасы (А.В. Курочкин, Н.Ю. Ярополова), 23 ұпай.

Жеке біріншілікте жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Е.Б. Магау (Мұнайды терең өңдеу өндірісі), 41 ұпай.

2 орын – А.Г. Жуков (Жөндеу-махинкалық цехі), 39 ұпай.

3 орын – А.В. Усихин (Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі), 37 ұпай.

Жарыс нәтижесінде үздік мергендер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу