«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
15.02.2024
64 просмотров
ПМХЗ жұмысшылары-интернационалист жауынгерлер  локальді соғыстарға қатысқан және қаза болған жолдастарын еске алды. Ақпанның 15 жұлдызында кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты ауған соғысына және басқа мемлекет аумақтарындағы  жауынгерлік іс-әрекеттерге қатысқан мұнай өңдеушілер атаулы күнге орайластырылған бірқатар іс-шараларға қатысты. 

Қалыптасқан дәстүр бойынша зауыт қызметкерлері «ауған» паркінде митингіге жиналып, естелік ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Кейін Естай атындағы мәдениет сарайында өткен  мерекелік концертке барып қайтты.

Сонымен қатар локальді соғыстарға қатысқан зауыт жұмысшылары  сервистік компаниялардың жауынгерлік әрекеттердің ардагерлерімен, кәсіпорын зейнеткерлерімен және «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ комитеті» ҚБ өкілдерімен ресми емес жағдайда кездесті.

1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстандағы соғысқа жіберілген отандастарымыздың саны 22 мыңға жуық болды. Олардың 957 адамы қаза тапты. Жыл сайын Қазақстанның әр аумағында «ауғандық» жерлестерін еске алады. Ардагерлер саны жылдан жылға азайып келе жатқандықтан, сол тарихи оқиғалар мен жерлестеріміздің ерлектерін ұмытпағанымыз абзал.

Ауғанстан мен Тәжікстан мемлекеттерінің аумағында орын алған жауынгерлік іс-әрекеттерге қатысқан ПМХЗ қызметкерлерінің тізімі:

Қайрат Тілеуғабылұлы Әбдірбаев – Электрмен жабдықтау цехының электр жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсету бойынша электромонтёрі;

Мұрат Нығметұлы Әбікешов – Бу-ауамен қамтамасыз ету цехының ауысым басшысы;

Саятай Сейдалыұлы Әліпбаев – Өндіріс бойынша Бас директордың орынбасары – бас инженер;

Қанат Қадиұлы Бекпалов – Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехының (ЖҚМЦ) технологиялық қондырғыларын жөндеу бойынша слесарі;

Бексұлтан Амантайұлы Бектеміров – Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехының (ЖҚМЦ) технологиялық қондырғыларын жөндеу бойынша слесарі;

Мейрам Сулейманұлы Жакенов – Сумен жабдықтау және дәліз цехының ауысым басшысы;

Өмірбек Абайұлы Жантеміров – Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехының (ЖҚМЦ) технологиялық қондырғыларын жөндеу бойынша слесарі;

Петр Викторович Ивлев – Өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша жетекші инженер;

Константин Анатольевич Костин – Электрмен жабдықтау цехының электржабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтері;

Геннадий Семёнович Козак – Ашық мұнай өнімдері өндірісінің (АМӨӨ) тауарлық операторы;

Серікқазы Нұрғазыұлы Қыдырмолдин – Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылықтың (КӨжЖЗШ) технологиялық қондырғылар операторы;

Бейбіт Нұрлыбекұлы Қонарбаев – Ашық мұнай өнімдері өндірісінің (АМӨӨ) учаске басшысы;

Сергей Викторович Кутьин – Бу-ауамен қамтамасыз ету цехының жылу желілеріне қызмет көрсету бойынша слесарі;

Сергей Владимирович Мананников – Ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеу өндірісінің (АМҚҚӨӨ) құюшы-қотарушысы;

Серік Папантайұлы Нұрғазинов – Ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеу өндірісінің (АМҚҚӨӨ) технологиялық қондырғылар операторы;

Юрий Иванович Яценко – Ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеу өндірісінің (АМҚҚӨӨ) технологиялық қондырғылар операторы.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу