Наурыз мерекесіне арналған Бас директордың құттықтауы
19.03.2024
457 просмотров
Наурыз мерекесіне арналған Бас директордың құттықтауы
Құрметті әріптестер, серіктестер және зауыт ардагерлері! Сіздерді көктем мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Бұл мереке жасампаздық пен жаңарудың үйлесім тапқан уақыты. Осы орайда Сіздердің дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа бейбітшілік, ынтымақ және береке-бірлік сыйласын!