«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
30.03.2024
54 просмотров
ПМХЗ-ның волейболдан өткен қорытынды ойындары нәтижесінде үздік спортшылар анықталды

ПМХЗ құрылымдық бөлімшелерінің арасында волейбол спорт түрінен жарыс өтті. 3 кезеңнен тұрған ойындардың қорытынды тартысы 2024 жылдың 30 наурызында «Автомобилист» спорт кешенінде болды. Үздік құрама командалар жүлделі орындарға қол жеткізу үшін бар шеберліктерін көрсетті.

Турнир Спартакиада-2024 аясында ұйымдастырылды. ПМХЗ-да мұндай деңгейдегі спорттық шараларды жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Ал волейбол ойындарын өткізудің алаңы болып әдеттегідей «Автомобилист» дене шынықтыру-сауықтыру кешені таңдалды. Бұл спорт түрі ұжым мүшелері арасындағы ұйымшылдықты арттырып, қызметкерлердің денсаулығын жақсарту мақсатында кәсіпорында белсенді демалысты насихаттауға бағытталған.

ПМХЗ қызметкерлері арасындағы волейболдан ширек финалда Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ) мен Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (МКТӨ), Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі (АМҚӨӨ) мен Зауыт басқармасы, Мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ) мен Бу-ауамен қамтамасыз ету цехы (БАҚ), Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжәнеЖЗШ) мен Сумен қамтамасыз ету және кәріз цехы (СҚжәнеКЦ) жұптық топтары тартысқа түсті.

Құрылымдық бөлімшелер арасында волейбол спорт түрінен өткен қорытынды жарыста командалар келесідей нәтижелерге қол жеткізді:

     Команда     Орын
     МКТӨ      1
     КӨжәнеЖЗШ      2
     АМҚӨӨ      3
     БАҚ      4
     Зауыт басқармасы      5
     МБӨӨ      6
     МТӨӨ      7
     СҚжәнеКЦ      8
     БӨАжәнеТҮА;
     ЖМЦ;
     Электрмен қамтамасыз ету;
     АМӨ;
     ЖҚМЦ;
     КЖҚЦ
     11   

Сондай-ақ төрешілер ерекше ойын көрсеткен ойыншыларды номинациялармен марапаттады:
«Үздік шабуылдаушы» - Ерзат Сақышев (МКТӨ);

«Үздік пас беруші» - Әсет Бәйтенов (АМҚӨӨ);

«Үздік бұғаттаушы» - Иван Новиков (КӨжәнеЖЗШ).

Үздік волейболшылар арнайы сыйлықтарға ие болды.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртышылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу