«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
07.03.2024
31 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері тайм-менеджменттің тиімді әдіс-тәсілдерін үйренді Уақытты дұрыс ұйымдастыру тақырыбына арналған семинар-тренингке ПМХЗ-ның 276 жұмысшысы қатысты. Шара барысында зауыт қызметкерлеріне жеке ресурстарды үнемдеу мен еңбек саласында жоғары нәтижеге жету жолындағы жұмыс сағаттарын тиімді үлестіру жолдары түсіндірілді.

Тренинг 2024 жылдың 23 ақпаны мен 7 наурызы аралығында өтті. «Тиімді тайм-менеджмент. «Өзіңді және уақытыңды басқара біл» атты оқыту тренингінің мақсаты жұмыс күнін жоспарлаудың тиімді әдістерін үйрету болып табылады. Шығармашылық тапсырмалар мен кейстердің көмегімен зауыт қызметкерлеріне тайм-менеджментте приоритеттердің дұрыс қойылу жолдары, сондай-ақ жұмсалған уақытты ескере отырып, қол жеткізілген нәтижелерді талдау үйретілді.

Оқытудың дәріскері экономика магистрі, жобалық менеджмент бойынша кеңесші-тренер, кәсіпқой медиатор, «КӨМЕК EDUCATION» ЖШС ұйымының тренері Гүлнәр Исенова болды. Онымен бірге шара қатысушылары қызмет түріне қарамастан жұмыс пен демалыс уақытын баланста ұстауға көмектесетін тайм-менеджменттің маңызды құрауыштарын қарастырды.

Ойын түрінде берілген тапсырмаларды орындау барысында жұмысшылар күнді дұрыс жоспарлауға кедергі болуы мүмкін әр түрлі өмірлік жағдайларды талқылады. Кейстерде берілген жағдайлар арқылы қатысушылар жұмыс барысына және күнделікті өмірге қатысты міндеттерді жоспарлау кезінде туындайтын танымал қателермен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болды. Гүлнәр Исенова тайм-менеджменттің SMART, MidJet, Эйзенхауэр матрицасы, Гантт диаграммасы сияқты маңызды стратегияларымен және техникаларымен таныстырды. Көрсетілген алгоритмдер жұмысшыларға артық әбігерліктен, эмоционалды шаршаудан арылуға, жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, биологиялық ритмді дұрыс ұстануға көмектеседі.
Семинар қатысушылары шара арысында белсенділік танытып, тақырыпқа шынайы қызығушылықтарын білдірді. Зауыт ұжымының бастамасымен өткізілген курсқа ұсынылған білім мен дағдыларды үйрену үлкен маңыздылыққа ие қызметкерлер қатысты. Сонымен қатар шара қатысушылары тақырыпты қарапайым әрі жақсы түсіндіріп, әр адаммен тіл табысып кете алған тренер Гүлнәр Исенованың кәсіпқойлығын ерекше атап өтті.

Құжаттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Наталья Мартыненко семинар қатысушысы ретінде алған әсерімен бөлісті:
- Ең алдымен, тайм-менеджменттің көптеген компаниялар жиі жүгінетін үлкен ғылым екенін білу қызықты болды. Жалпы, семинарда талқыланған тақырып, меніңше, өте өзекті. Әрине, мұндай білімді тәжірибелік тұрғыдан пайдалану қажет. Теорияға негізделген кеңестер өте пайдалы болды және менің ойымша, барлық қатысушылар оны міндетті түрде іс жүзінде пайдаланатын болады.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Вадим Бердников

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу