«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
24.02.2024
22 просмотров
ПМХЗ ауқымды мұз үстіндегі жүгіріске қатысты Павлодар мұнай-химия зауытының қызметкерлері Burabay Ice-2024 халықаралық мұз үстіндегі жүгірісте ҚазМұнайГаз атынан қатысқан  KMG Runners командасына жеңіс әкелді. Турнир «Бурабай» Ұлттық паркінің аумағында өтті. Бүкіл әлемнің трейлраннинг жанкүйерлерін жинаған мұз үстіндегі экстремалды жарыс Қазақстанда алғаш рет өтті.

ПМХЗ жұмысшылары өз кәсіпорындары мен ҚМГ-ның спорттық бастамаларын әрдайым қолдап келеді. Осылайша, 2023 жылдың қазан айында мұнай өңдеушілер ҚМГ компаниялар тобының үздік атлеттері өнер көрсеткен «KМG RUN DAY» атты корпоративтік жүгіріске қатысты. Марафонның қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 30-ға жуық спортшы KMG Runners корпоративтік клубына іріктеліп алынды. Аталмыш клуб 2024 жылдың 24 ақпанында «Экстремальная атлетика» ҚБ-ның ұйымдастырылуымен өткен ел марафонына компания атынан қатысты. Жүгіру қашықтығы 7 км, 14км және 21 км (таңдау бойынша) және скандинавиялық жүруден 7 км  құрады.

ПМХЗ марафоншылары мен олардың ҚМГ ЕТҰ қатарындағы жақтастарын ерекше дистанцияларды бағындару талпынысы біріктіреді. Демалыс күндері таңертеңгі уақытта KMG Runners спортшылары қаланың парктерінде кездесіп, марафондарға дайындалып, бір-бірін қолдап, қол жеткізген нәтижелерімен бөліседі. Осы ұйымшылдықтарының арқасында ҚазМұнайГаз командасы  Burabay Ice-2024 мұз үстіндегі жүгірісінде жақсы нәтиже көрсете білді: Марафонға қатысқан барлық спортшылардың арасында өз жастары бойынша топтарда компанияның 4 қызметкері жүлделі орынға ие болды.

2 орын – Марат Уразалиев («Ембімұнайгаз» АҚ) – 21 км қашықтықта 36-49 жас категориясы бойынша 1:40:23 нәтижесімен;

3 орын – Адлан Урумбаев («ПМХЗ» ЖШС) 21 км қашықтықта 36-49 жас категориясы бойынша 1:45:01 нәтижесімен; Темірлан Қайруллин («ҚМГ-Құмкөл» ЖШС) 14 км қашықтықта 18-35 жас категориясы бойынша 1:11:04 нәтижесімен;

4 орын – Сергей Ершов («ПМХЗ» ЖШС) 14 км қашықтықта 36-49 жас категориясы бойынша 1:09:42 нәтижесімен.

Рүстем Бекишев («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ) 21 км қашықтықта 1:40:13 нәтижесімен (жалпы есепте) әріптестерінің арасында үздік атанды. 

Жарыста Қазақстан және басқа мемлекеттерден 600-ден астам спортшы бақ сынасты. Мәреге жеткен барлық қатысушылар медальдерге ие болды. Спорттық дода нәтижесінде 1 орынға 21 километрді 1 сағат 33 минутта жүгіріп шыққан петропавлдық спортшы Макс Санин ие болды.

Марафон жүлдегері, КӨжәнеЖЗШ технологиялық қондырғылар операторы Ершов Сергейдің айтуынша, кез-келген жарыста жеңіске жету оңай емес. Алайда еңбекқорлық пен талпыныстың арқасында қалаған нәтижеге қол жеткізуге болады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ПМХЗ спортшылары чемпиондық үшін күресте асқан құлшыныс танытып, республикадағы корпоративтік спорттың көшбасшысы мәртебесін тағы да растады.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу