«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
19.04.2024
76 просмотров
ПМХЗ және зауыттың сервистік компанияларының жұмыскерлері эко сенбіліктер өткізді

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС және сервистік ұйымдардың жұмыскерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аймақты санитарлық тазарту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.

Көктем мезгілі – тазалық пен абаттандырудың дәстүрлі маусымы.
2024 жылғы 15 сәуірден бастап 18 сәуірге дейін кәсіпорын мен сервистік ұйымдардың жұмыскерлері зауыттың өнеркәсіптік алаңында санитарлық тазалау жүргізді. Бекітілген учаскелерде ағаштар мен бұталар кесіп, түскен жапырақтарды жинап, ағаштар мен жиектастарды әктеді.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 19 сәуірінде «ПМХЗ» ЖШС «Тотал Сервис» ЖШС, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС, «AVC Group» ЖШС, «SANTRADE компаниясы» ЖШС, «КҮЗEТ ПАВЛОДАР» ЖШС, "SGS Kazakhstan LTD» ЖК ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында Торговая көшесінен №20 автожолға дейін сенбілік өткізді.

Сенбілікке 170 адам қатысып, 8 бірлік көлік техникасы («КАМАЗ» самосвалдары, тиегіштер, автобус, жеңіл автокөлік) жұмылдырылды. Ортақ күш-жігермен 10 тонна қоқыс жиналып шығарылды, оны қалалық қоқыс төгетін орын қабылдады.

Жалпы қалалық сенбіліктер 2024 жылдың 13 мамырына дейін жалғасады. Мұндай іс-шаралардың ерекше маңыздылығын ескере отырып, зауыт жұмыскерлері оларға әрқашан айрықша ықыласпен қатысады.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Вадим Бердников

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу