Гір спорты бойынша жарыс 13 сәуірде «Қайсар» балалар-жастар кешенінде өтті. Біріншіліктің мақсаты салауатты өмір салты қағидаттарын бекіту, зауытта күш спортын насихаттау, мықты спортшыларды анықтау болды.
Жарыс қоссайыста бес адамға дейінгі командалармен өтті. Спортшылар 80, 90, +90 кг сияқты салмақ дәрежелері бойынша іріктелді. Жеке сынақ әр салмақ дәрежесінде үш үздік нәтиже бойынша өтті. Командалық есепте әр қатысушының нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанды.
80 кг салмақ дәрежесінде жеке біріншіліктің жеңімпаздары:
1-орын – Илья Черватюк, технологиялық үдерістерді бақылау-өлшеу аспаптары – автоматтандыру (ТҮБӨАжәнеА);
2-орын – Марат Сембин, мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (МКТӨ);
3-орын – Аяз Хасенов, мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ).
90 кг санатындағы көшбасшылар:
1 орын – Владимир Батяшов, мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (МКТӨ);
2 орын – Сергей Ершов, күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы;
3 орын – Әділет Мадениет, мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ).
+90 санатында:
1 орын – Андрей Гармазов, мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ);
2 орын – Сергей Комаров, Технологиялық үдерістердің бақылау өлшеу аспаптары және авоматтандыру (ТҮБӨАжәнеА) цехы;
3 орын – Арнур Сарсенбаев, Бу-ауамен жабдықтау цехы (БАЖ).
Командалар арасындағы жарыстың қорытынды нәтижелері кестесі:
Командалар
|
Қорытынды орын
|
МКТӨ
|
1
|
КӨжәнеЖЗШ
|
2
|
МТӨӨ
|
3
|
МБӨӨ
|
4
|
ТҮБӨАжәнеА
|
5
|
АМӨ
|
6
|
СжәнеК
|
7
|
БАЖ
|
8
|
Зауыт басқармасы
|
9
|
АМҚӨӨ
|
14
|
ЖМЦ
|
14
|
Эл.жабдықтау цехы
|
14
|
КЖҚЦ
|
14
|
ЖҚМЦ
|
14
|
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Илья Величко