«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
21.05.2024
473 просмотров
ЖТҚЖ жобасы – өндірістің авариясыз жұмысының факторы ретінде Мұнай өңдеу өндірістерін үздіксіз дамыту және технологиялық үдерістерді цифрландыру жағдайында жұмыс жабдығының жарамдылығын бақылауды күшейту қажет. Осыған байланысты қондырғылардың үздіксіз жұмысын арттыру және жөндеуаралық кезеңді ұлғайту үшін мұнай өнеркәсібі секторында жаңа технологиялар мен мониторинг жүйелері белсенді түрде енгізілуде.

ПМХЗ-да ЖТҚЖ (жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу) жобасы 2015 жылы енгізілді. Оның бағыты – өндірісте кем дегенде 3 жылдық жөндеуаралық жүріс жағдайында жабдықтың сенімділігін қамтамасыз ету.   

ЖТҚЖ жобасы құрауыштарының бірі - IBM Maximo және Meridium APM цифрлық бағдарламаларын ендіру. Бұл жүйелер жабдық туралы деректерді анағұрлым ұйымдасқан түрде сақтауға, оларды сараптау үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйелерді енгізудің бірінші кезеңінде жабдықтың әр бірлігін сипаттайтын мәліметтер жиналды. Бұл автоматтандыруға, жұмыстарды мониторингтеу үдерісін ретке келтіруге, өндірістік үдерістерді бақылауды арттыруға мүмкіндік берді.

ЖТҚЖ көмегімен зауыттың технологиялық қондырғыларын авариясыз пайдалану қамтамасыз етіліп, жабдықтардың жоспардан тыс тоқтап қалуы жыл сайын азаюда. Соның нәтижесінде мұнай өңдеу көлемі мен дайын өнім шығару артады.
ПМХЗ-дағы ЖТҚЖ жұмысы жөнінде біздің бейнероликтен де қарай аласыз.
https://www.youtube.com/watch?v=4WkIOs306gs&embeds_referring_euri=https%3A%2F%2Fwww.pnhz.kz%...

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Бейне, монтаж – Асылжан Жеңіс


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу