«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
28.06.2024
486 просмотров
ПМХЗ-да жоспарлы-алдын алу жұмыстары қарқын алуда Жоспарлы-алдын алу жұмыстарын орындау үшін 1528 адам, сондай-ақ 110-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Тоқтату кезеңінде сонымен қатар реакторлық жабдықтың катализаторларын ауыстыру жоспарланған. 

Бұл ретте мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін тиеу ҚР ЭМ келісілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Зауыттың сұйыққоймаларында жоспарлы-алдын алу жұмыстарының басына мұнай өнімдерінің жинақталған қоры: автобензин — 33 мың тонна, дизель отыны — 61 мың тонна, авиаотын — 10 мың тонна, мазут – 18 мың тоннаны құрады.

Өңірдің экологиялық жағдайының әл-ауқаты үшін жауапкершілікті түсінетін кәсіпорын ретінде «ПМХЗ» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде атмосфераға зиянды заттардың бөліну қаупін азайту үшін барлық шараларды қабылдайды.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото «ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімінің архивінен

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу