ЖАЖ-дың түйінді аптасы басталып кетті. Жоспарлы жұмыстар мерзімінің орта кезінің маңыздылығы зор. Ірі жөндеулердің орындалу мәртебесін «ПМХЗ» бас мамандары талдады.
Негізгі өндірістер бойынша ЖАЖ жоспарланған іс-шараларының аралық қорытындылары келесі пайызбен көрсетілген:
· Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ) – жоспар бойынша 41,4%, факт 54%;
· Мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ) – жоспар бойынша 52,9%, факт 56,5%;
· Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі (АМҚӨӨ) – жоспар бойынша 44,5%, факт 69,5%.
Зауытты іске қосуға жалпы дайындық бірінші шілдеге жоспар бойынша 45,4% болса, іс жүзінде 68,8% құрайды, ЖАЖ жүргізу барысының оң динамикасы бар.
Барлық ағымдағы міндеттер қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау ережелерін бұзбай, мерзімінде орындалып жатыр. Өндіріс режимінің толық іске қосылуы шілде айының ортасында ЖАЖ бекітілген кестесінің мерзімінде күтілуде.