Көктемде,
2024 жылғы 26 сәуірде кәсіпорын жұмыскерлері кәсіпорын
айналасындағы санитариялық-қорғау аймағын тазалады. Сенбілікке 40 адам қатысып, 4 арнайы техника
(«КамАЗ» жүк аударғыштары, жүк тиегіш, автобус) тартылды. Нәтижесінде 5 тонна
қалдық шығарылды.
Ал 2024 жылдың 28 мамырынан 14 маусымына дейін 15,7 гектар аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аталмыш аумаққа 3 715 терек пен қарағай көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар кәсіпорын 2021-2024 жылдар аралығында санитариялық-қорғау аймағында отырғызылған жасыл желектерге күтім жасауды қамтамасыз етеді.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фотосуреттерді «ПМХЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау қызметі ұсынды