Сондықтан Павлодар мұнайхимия зауыты өз жұмыскерлерін табиғатты қорғау қызметіне қоршаған ортаны көріктендіру іс-шаралары арқылы ынталандырады. Соның бірі – Ертіс өзенінің жағалауын санитарлық тазалауы кіретін «Таза Жағалау» экоакциясы.
Бұл бастама судың экожүйесін қалпына келтіруге және өзендердің тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануын алдын алуға бағытталған.
2024 жылдың 10 тамызында «Таза Жағалау» экологиялық акциясы аясында ПМХЗ жұмыскерлері Ертіс жағасынан 20 қап қоқыс жинады. Тазалаудан кейін барлық қалдықтар қалалық қоқыс полигонына жіберілді. Экоакцияға барлығы 20 адам қатысты. Сондай-ақ, 2 бірлік көлік техникасы жұмылдырылды.
Павлодар мұнай-химия зауытында 2024 жылдың қараша айына дейін «Таза Қазақстан» экоакциясының жол картасы аясында зауыт аумағын абаттандыру және көгалдандыру шараларын жүзеге асыру жоспарланған.
Таза ауа мен көрікті қала – әрқайсымыздың бірлескен еңбек жемісі.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото - Асылжан Жеңіс