Ақордада 2024 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің Өндірістік активтерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді басқару департаментінің директоры Сергей Шевченко Мемлекет басшысы Қ. Ж. Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
