«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
25.07.2024
119 просмотров
Grace Kazakhstan Catalysts компаниясы ПМХЗ-да семинар өткізді

«ПМХЗ» ЖШС мен «Grace Kazakhstan Catalysts» ЖШС ынтымақтастығы аясында крекинг қондырғысы (С-200 өндірісі № 3 ГПН) персоналының, сондай-ақ өндірістік бөлімнің жетекші мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында 2024 жылғы 24-ші және 25-ші шілдесінде каталитикалық семинар өтті.

Біліктілікті арттыруды мұнай өңдеуде теориялық білімі мен практикалық тәжірибесі мол «Grace Kazakhstan Catalyst» ЖШС Бас директоры Владимир Егоров жүргізді.

Семинар Павлодар мұнайхимия зауытының оқу орталығында 2 күн қатарымен, сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін созылды. Семинар барысында каталитикалық крекингтік шикізат сапасы, каталитикалық крекинг қондырғысының жылу балансы, қондырғының технологиялық параметрлері, каталитикалық крекинг қондырғыларындағы ақауларды анықту және оларды жою мысалдары.

«Grace Kazakhstan Catalyst» ЖШС бас директоры өткізген семинар каталитикалық крекингтің теориялық және практикалық аспектілеріне терең шолу, сондай-ақ крекинг қондырғыларында тиімділікті арттыру және проблемаларды жою бойынша нақты шешімдерді ұсыну арқасында қатысушылар үшін пайдалы және бірегей болды.

Оқу барысында әрбір қызметкердің жауапкершілігі саласындағы  қауіпсіздік аспектілерін жақсартуға, сонымен қатар, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үдеріс картасын қатаң сақталуға ықпал ететін міндеттерді алға қойды.

Анықтама:
«Grace Kazakhstan Catalysts» ЖШС - американдық W.R. Grace  компаниясы мен Қазақ ұлттық мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) бірлескен кәсіпорны болып табылады. Кәсіпорын мұнайды терең өңдеуде шешуші рөл атқаратын каталитикалық крекингке арналған катализаторларды өндіруге маманданған.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу