2024 жылғы 29 тамызда Павлодар мұнайхимия зауытында Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің күніне және қазақ мұнайының 125 жылдығына орай жаңадан алынған арнайы техниканың кілтін табыс ету салтанатты рәсімі өтті.
2023 жылы Қазақстан Республикасының экономикасын монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның шешімімен бірқатар аутсорсингтік компанияларды зауыт ұжымына қайтару туралы маңызды шешім қабылданды. Орындалған жұмыстардың сапасын арттыру және кәсіпорын құрамына оралатын персоналдың қолайлығы үшін жаңа арнайы техника мен техникалық құрал-жабдықтарды сатып алу туралы шешім қабылданды. Сатып алу құрылыс-монтаждау жұмыстарына да, технологиялық аппараттарды тазалауға да арналған.
«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Қуаныш Бишімов: «Заманауи жабдықтар - жай ғана машиналар емес, бұл біздің ұжым жұмысының қауіпсіздігі мен сапасының кепілі», - деп атап өтті.