Бейінді колледж ПМХЗ үшін мұнай-химия бағытында білім алатын жұмысшы мамандықтарының мамандарын сапалы дайындайды. Бұл оқу орнын ойдағыдай тәмамдағандардың көпшілігі Павлодар мұнайхимия зауытында нағыз кәсіби маман атанды.
Осы мерекеге орай зауыттың жетекші мамандары - бейінді колледж түлектері: мұнайды терең өңдеу өндірісінің бастығы Асхат Мұхамедиев, ағымдағы жөндеу жөніндегі бас маман Анатолий Дмитриев, баяулатып кокстеу қондырғысы бастығының орынбасары Сабыржан Әубәкіров Павлодар химия-механикалық колледжінің тәлімгерлері үшін жылы лебіздерін білдірген сөздерге және шын жүректен алғысқа толы бейне құттықтау дайындап, ерекше сыйлық жасады.
«ПМХЗ» ЖШС ПХМК түлектерінің-ПМХЗ жұмыскерлерінің құттықтауларына қосылып, ұстаздарға, педагогтарға, тәлімгерлерге және шеберлерге еңбектері үшін алғыстарын білдірді.