«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
15.10.2024
845 просмотров
ПМХЗ жұмыскерлері «Үздік Маман-2024»  кәсіби шеберлік байқауына қатысты 2024 жылы 7-12 қазан аралығында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы арасында жыл сайынғы «Үздік Маман-2024» кәсіби шеберлік байқауының финалдық кезеңі Маңғыстау облысында өтті. Оған 17 мамандық бойынша кәсіпорын ұжымдары ішіндеггі бірінші турдың 300 жеңімпазы қатысты. Соның ішінде, ПМХЗ-ның 5 маманы өз саласының үздігі атағына күрескен.

ПМХЗ байқаудың ішкі кезеңі 2024 жылы 8 сәуірден бастап 18 маусымға дейін созылған. Аталған уақытта зауытта бес мамандықтың өкілдері өзара бәсекелестікке түсті: технологиялық қондырғы операторы, тауар операторы, технологиялық сорғы машинисі, компрессор қондырғысының операторы және химиялық талдау зертханашысы. Биылғы жылы бірқатар аутсорсингтік компаниялар кәсіпорын ұжымына оралғаннан кейін номинациялар саны сегізге дейін өсті. Электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электригі, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика шебері, технологиялық қондырғыларды жөндеу шебері категориялары қосылды.

Турнирдің әр кезеңі екі сынақ түрінен тұрды: теориялық және практикалық. Бірінші кезеңде қатысушылар арнайы білімдері бойынша компьютерлік тест тапсырды. Келесі кезекте мамандар тәжірибе жүзінде өз шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ, биыл ПМХЗ технологиялық қондырғылардың операторлары арасынан байқауға қатысушылар үшін пилоттық режимде мамандандырылған манекенге алғашқы медициналық көмек көрсетудің үшінші кезеңі қосылды.

«Үздік Маман-2024» ішкі турына ПМХЗ-ның 158 қызметкері қатысты. Кәсіпорын атынан бес жеңімпаз ҚМГ компаниялар тобының еншілес және тәуелді ұйымдары арасындағы байқаудың финалдық кезеңіне ат салысу үшін Ақтау қаласына барды. Олар: технологиялық қондырғының операторы Олег Хайрутдинов, компрессорлық қондырғының машинисі Максим Быченко, электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электригі Игорь Копотун, технологиялық сорғының машинисі Михаил Щербаков, бақылау-өлшеу және автоматика шебері Максим Семенчук. Олардың әрқайсысы байқаудың финалдық кезеңінде жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Максим Быченко ҚМГ «Үздік Маман-2024» кәсіби шеберлік байқауының финалында компрессорлық қондырғы операторлары арасында үшінші орынға ие болды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Ал кәсіби байқаудың ПМХЗ ішкі кезеңінің өз мамандығының үздігі екенін дәлелдеген жеңімпаздар Республика күні қарсаңында естелік дипломдармен марапатталады және жыл ішінде еңбекақыларына үстемеақылар ынталандырылады. 

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу