ПМХЗ жұмыскерлері өрт сөндіргіштерді қолдану дағдыларын шыңдады
21.10.2024
341 просмотров
Қазақстан Республикасының Құтқарушы күні кәсіби мерекесі қарсаңында «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Еңбек және қоршаған ортаны қорғау басқармасының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі мен «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт және газ қауіпсіздігі отрядының қолдауымен ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолдану арқылы өрт ошағын сөндіру бойынша оқу-жаттықтыруды өткізді.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Шыңғыс Алтынбеков оқу-жаттығуды өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамамен бастап, осы салада білімнің маңыздылығы туралы ғана емес, сонымен қатар нақты тәжірибелік дағдылардың болу қажеттігі туралы атап өтті. Өрт сөндіру қызметінің мамандары өрттің алдын алу және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Оқу барысында қызығушылық танытқан барлық зауыт жұмыскерлеріне өрт сөндірудің негізгі техникасы мен әдістері, сондай-ақ ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолдану тәртібі көрсетілді. Қатысушылар қауіпсіздік техникасымен және өрт сөндіргіштермен жұмыс істеу ережелерімен танысты.
Screenshot_1-1.jpg
Мұндай іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін, қызметкерлердің төтенше жағдайларға жалпы дайындығын және өз іс-әрекеттеріне сенімділігін арттыруға, өзінің және басқалардың өмірі үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Фото - Айнаш Мажит, Нурсултан Нурумов