«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
18.10.2024
874 просмотров
ПМХЗ мен мердігерлік ұйымдарының жұмыскерлері облыстық сенбілікке қатысты 2024 жылы 18 қазанында ПМХЗ мен зауыттың серіктес компаниялары «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында аймақтық сенбілікке өз үлестерін қосты.
Бұған дейін қала әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімі Павлодарды тазарту картасын әзірлеп, соған сәйкес елді-мекеннің аумағын аудандарға бөлген, және жекелеген басқармалар мен ұйымдарға бекіткен болатын. Кәсіпорындардың бір бөлігіне қалалық көлік бағыттарына сай учаскі (автомобиль жолдары мен трамвай жолдары) бөлінді.

ПМХЗ Торговая көшесінен (Метро дүкені) № 20 тас жолға дейінгі («Каустик» АҚ) қашықтығы 8,2 км болатын аумақ сеніп тапсырылды.

Санитарлық тазалауға 150 адам қатысты, оның ішінде: ПМХЗ және «AVC Production» ЖШС, «Total Service» ЖШС, «Күзет-Павлодар» ЖШС, «СЖС Казахстан ЛТД» ШК ЖШС, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС сервистік ұйымдардың қызметкерлері.

Шараға 7 бірлік көлік техникасы жұмылдырылды. Бекітілген аумақ тазартылған соң, 8 тонна қоқыс қалалық қоқыс полигонына шығарылды.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу