«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
28.10.2024
148 просмотров
ПМХЗ павлодарлық шекарашыларға көмек көрсетті 2024 жылдың 28 қазанында ПМХЗ ҚР ҰҚК шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаменті қолданысына 2 мобильді вагонша тапсырды.
Аталмыш жылжымалы павильондар «Арлан» және «Шарбақты» шекара заставаларында жылыту пункті қызметін атқармақ. Тұрмыстық бөлмелер қысқы суықта керекті температураны ұстап тұруға және оны кез-келген жағдайда тез арада іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы пештер мен электр құрылғыларымен жабдықталған. Бұл қызметкерлердің қауіпсіздігімен қатар, денсаулықтарын бірінші орынға қоятын шекаралық қызмет жағдайында таптырмайтын көмек болып табылады.

 

   

Вагоншалардың кілттерін салтанатты табыстау рәсімі ПМХЗ әкімшілігінің, зауыттың жөндеу-құрылыс-монтаждау цехы (ЖҚМЦ) ұжымының және шекаралық қызмет өкілдерінің қатысуымен өтті. «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Қауныш Бишімов Павлодарлық МХЗ-ның әлеуметтік бастамаларды тұрақты түрде қолдап, мемлекеттік құрылымдарға қолдау көрсетуге белсенді ат салысып жүргені баса айтып өтті.

«Біз шекарашылардың шекарамызды қорғау бойынша маңызды миссияны орындап жатқандарын жақсы түсінеміз. Олардың қызметі жоғары кәсіби дайындықпен қатар тиісті қызметтік жағдайдың қамтамасыз етілуін қажет етеді. Бұл, әсіресе, қыс мезгілінде аса маңызды. Біздің мобильді пунктілеріміз қиын климаттық жағдайларда жұмыс істейтін қорғаушыларымыздың күнделікті жұмысы үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі деп үміттенеміз», - деді ПМХЗ басшысы.

ПМХЗ-ның шекаралық қызметке тарту еткен мобильді вагоншалары – өнеркәсіптік алыптың еліміздің қауіпсіздігі мен күн сайын оның шекарасын қорғайтын сақшыларымызды қолдауға қосқан үлесі.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу