«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
15.10.2024
701 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері өрт сөндіру дағдыларын шыңдады 2024 жылы 15 қазанда зауыт басқармасының ғимаратында жоспарлы өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өткізілді. Іс-шараны Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі (АҚ және ТЖ) ұйымдастырды. Оған ғимараттағы жұмыскерлер, кәсіпорынға қызмет көрсететін ұйымдар, сондай-ақ Павлодар филиалының «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-ның өрт және газ қауіпсіздігі отряды, «Медикер-өндірістік Медицина» ЖШС медициналық қызметі және «Күзет-Павлодар» ЖШС күзет қызметі қатысты. 

Оқу-жаттығу барысында ТЖ қызметкерлері ғимараттарда өрт сөндіру тәртібін жаттықтырды. Құрылымдық бөлімшелер басшыларының алдында жеке құрамды жедел эвакуациялауды қамтамасыз ету міндеті тұрды. «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі газ-түтіннен қорғау қызметінің құтқарушылары ғимаратта өз бетінше сыртқа шықпай қалған жұмыскерлердің бар-жоғын тексерді. Сонымен бірге эвакуациялаушы персонал барлық адамдардың құрылымнан сәтті шыққанын растап, қоңырау шалды.

Оқу-жаттығуға «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының өрт және газ қауіпсіздігі отрядының 25 қызметкері жұмылдырылды, олар мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің 4 бірлік өрт техникасымен және газдан құтқару қызметінің бір техникасымен келді.

Мұндай жаттығулар қызметкерлердің өртке қарсы әрекет ету дағдыларын жетілдіреді. Атаулы шара төтенше жағдайлар қызметіне екінші қабаттан сегізінші қабатқа дейінгі ғимараттардағы өрт сөндіру бойынша әрекеттер жоспарын жасауға көмектесті.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау

 Фото «ПМХЗ» ЖШС АҚ және ТЖ бөлімімен ұсынылған



Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу