Қазан айында «ҚазМұнайХим» ЖШС Павлодар мұнайхимия зауытына биіктігі 3,5 метрге жететін жалпақ жапырақты бес қарағаш көшеттерін жеткізді.
Павлодар мұнайхимия зауытының аумағына КМХ-ның көшеттерін отырғызу жақсы дәстүрге айналды. Серіктестер сыйға тартқан ағаштар үшін арнайы алаң бөлінді.
2024 жылдың 22 қазанында зауыт аумағына азот-оттегі станциясы мен банк ғимараты аралығындағы аумаққа көшеттер отырғызылып, оларды күтіп-баптау жұмыстары ұйымдастырылды.
ПМХЗ әкімшілігі ҚМХ басшылығына жемісті ынтымақтастық пен көрсетілген сыйластық үшін шынайы алғысын білдіреді.
«ПМХЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі Фотоны «ПМХЗ» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау қызметі ұсынды