2024 жылғы 25 қарашада Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ ұйымдастыруымен, Павлодар қаласы прокуратурасының прокуроры О.Шалабаев, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының орынбасары А.Сабыров, мемлекеттік аннуитенттік компанияның «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өкілі О.Гаськованың қатысуымен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің кездесуі мұнай өңдейтін ірі кәсіпорын- Павлодар мұнай-химия зауыты ЖШС-ң еңбек ұжымында өтті.
