Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Бұл ең алдымен тәуелсіздіктің, одан кейін салиқалы саясат пен ауызбіршілігіміздің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың аманаты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Сондықтан бірлігімізді бекем, тірлігімізді тиянақты ете түсейік!
Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Ізгі тілекпен,
«ПМХЗ» ЖШС Бас директоры Қуаныш Бишімов