«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
13.12.2024
430 просмотров
ПМХЗ мен Эр Ликид Мұнай Тех Газдар өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында тәжірибе алмасты 2024 жылдың 6 желтоқсанында ПМХЗ аумағында «Эр Ликид Мұнай Тех Газдар» ЖШС мен «ПМХЗ» ЖШС-ның еңбек пен қоршаған ортаны қорғау депаратемнттерінің бірлескен бастамасымен өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауда тәжірибе алмасудың кезекті сессиясы өтті.
ПМХЗ тарапынан шараға өндіріс басшылары, сенімділікті қамтамасыз ету бөлімі және еңбек пен қоршаған ортаны қорғау департаментінің өкілдері қатысты.

Сессия басталар алдында қатысушыларға ПМХЗ-ның еңбекті қорғау бойынша бас техникалық басшысы-еңбек пен қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Бақыт Аликулов пен ЭЛМТГ-ның ЕҚжәнеӨҚ бойынша басшысы Тарас Кондратенко жылы лебіздерін білдірді. Тараптар іс-шараны ұйымдастыру бойынша көтерген бастамалары үшін бір-біріне алғыстарын білдіріп, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған орта мәселелері бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт артатынын жеткізді.

Іс-шара барысында ЭЛМТГ сарапшылары Air Liquide тәжірибесімен бөлісу төңірегінде екі тақырыпта сөз сөйледі:«Жабдықты бұғатты қорғау және таңбалау жүйесі» мен «Root cause Analysis әдісі бойынша оқиғаларды тергеу үрдісі.

Бірінші тақырып бойынша ЭЛМТГ-нің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экология бойынша инженері Айдарбек Шолонбаев пен ЭЛМТГ-нің өндіріс бойынша инженері Константин Сотник баяндама жасады.

Бастапқы себептер анализі әдісі (проблемалардың немесе ақаулардың түпкі себептерін анықтау үшін қолданылатын проблемаларды шешу әдісі) дейтін Root Cause Analysis бойынша екінші тақырыпта ЭЛМТГ-нің техникалық қызмет көрсету стратегиясы мен сенімділік бойынша менеджері Борис Макитов сөз сөйледі.

ПМХЗ өкілдері ЭЛМТГ-ге ұсынған пайдалы ақпараты үшін алғысын білдірді. Тараптар мұндай сессияларды жиі өткізу жайлы келісімге келді.

Анықтама үшін:

"Эр Ликид Мұнай Тех Газдар" ЖШС – Air Liquide және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның бірлескен кәсіпорыны, 2016 жылы құрылған.2018 жылдан бастап компания Павлодар мұнай-химия зауытында сутегі мен азот өндіретін қондырғыларды пайдалануды табысты жүзеге асыруда.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Нұрсұлтан Нұрумов
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу