«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
10.01.2025
178 просмотров
ПМХЗ мұнай өңдеушілері қысқы демалыстарын қалай өткізеді Сапалы демалыс жемісті жұмыстың кепілі. Павлодар мұнай-химия зауытында мұны жақсы түсінеді, сол себепті кәсіпорын өз қызметкерлері үшін  демалыстың көрікті табиғи аймақтарда ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөледі. 
Жаз уақытында зауыт қызметкерлерінің сүйікті демалыс орны Павлодар қаласына жақын жерде орналасқан Баянауыл болса, суық түскен кезде мұнай өңдеушілер демалушылар үшін барлық жағдайы жасалған «Discovery-Borovoe» демалыс базасына барғанды ұнатады.

Азамат Матаев және оның отбасы

Осы жылы Боровое курорттық аймағына ПМХЗ-ның 363 қызметкері барып қайтты. Сауықтыру кешенінің аймағындағы қысқы демалыс аясында келушілерге жайлы бөлмелер, үш мезгілді тамақтану, шипажайлық-курорттық ем-шаралар ұсынылады. Сондай-ақ жолдама бойынша демалушылар бассейн, аквапарк, жаттықтыру залы мен СПА-орталығына бара алады. Қонақ үй кешенінің кішкентай қонақтары үшін арнайы ойнау аймағы мен арқан паркі жұмыс істейді, ал көңілді аниматорлар қызықты қойылымдар ұсынады. Сонымен қатар төбешіктен сырғанау, қар кешкішпен жүру,  ойын приставкалары мен үстел ойындарын ойнау мүмкіндігі де бар. Демалыс аймағының барық қонақтары үшін күн сайын түрлі ойын-сауық, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. «Discovery-Borovoe» қонақ үйінің өзі Қатаркөл көлінің солтүстік жағалауында, айналасы қайың-қарағай тоғайымен қоршалған тыныш аймақта орналасқан. Сондықтан да жылдың кез-келген уақытында өткізген бұл жердегі демалыс ерекше әсер сыйлап, ертегі мен ғажайып әлеміне саяхаттағандай сезім қалдырады. 

Данияр Шапихов ұлымен

«ПМХЗ» ЖШС-ның өз қызметкерлерінің денсаулықтары үшін алаңдайтыны қуантпай қоймайды. Зауыт қызметкерлері осы сияқты демалыстың арқасында жақындарымен уақыт өткізіп, күш жинап, шипажайлық-курорттық ем алу арқылы денсаулықтарын жақсартып, өмірлік тонусты көтеруге мүмкіндік алады. 

Михаил және Наталья Коламиец

Айта кететіні, зауыт қызметкерлерінің демалысын ұйымдастырумен «Жергілікті кәсіподақ «Нефтепереработчик» Қоғамдық бірлестігі айналысады. 

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке архивтерінен алынған:
Данияр Шапихов – жөндеу-механикалық цехының кең бейінді станокшысы;
Михаил Коломиец – мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі сұйылтылған газдар паркінің технологиялық сорғылар машинисі;
Азамат Матаев -  мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің тауарлық операторы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу