«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
13.01.2025
245 просмотров
Павлодар мұнай-химия зауыты 2024 жылды үш өрт-тактикалық оқу-жаттығумен аяқтады Желтоқсан айында ПМХЗ қызметкерлері 2024 жылдың үш соңғы өрт сөндіру жаттығуларына қатысты.
2024 жылдың 17 желтоқсанында «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің (МӨҚҚ) 17 маманы төрт арнайы автокөлікпен Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменттің сауықтыру орталығы бар әкімшілік-тұрмыстық кешенінің (ӘТК) ғимаратына беттеді. Жаттығуларға «Медикер-Өндірістік медицина» ЖШС қызметкерлері қосылды. Шара барысында ғимарат ішіндегі жұмысшылар мен олардың жетекшілері эвакуациялауды сәтті ұйымдастыру үшін топтасып, сыртқа шықты. Осыдан кейін МӨҚҚ отряды кешеннің екі қабатын тексеріп, имитацияланған өртті жойды.

18 желтоқсанда «Медикер-Өндірістік медицина» ЖШС, «Күзет-Павлодар» ЖШС және «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС жеке құрамы Цифрландыру, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар департаментінің №1 әкімшілік-тұрмыстық кешенінің ғимаратында оқу-жаттығу өткізді. Арнайы төрт техникасы бар 17 адамнан тұратын МӨҚҚ отряды 7 адамнан тұратын газдан құтқару қызметінің (ГҚҚ) жасағымен бірлесе отырып, бір техниканың көмегімен өрттен құтқару жоспарын әзірледі. Шараға электрмен жабдықтау цехының жұмысшылары да қосылды. Олар ғимаратты шартты түрде токсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін электр қуатын қайта қосып, жабдықтардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізді.

2024 жылдың 20 желтоқсанында жөндеу-механикалық базадағы жөндеу-механикалық цехы ғимаратының әкімшілік-тұмыстық кешенінде соңғы оқу-жаттығулар өтті. Оларға бес бірлік техникамен келген МӨҚҚ кезекші қарауылынан 24 адам, бір көлікте сегіз адамнан жасақталған ГҚҚ кезекші бөлімі, «Медикер-Өндірістік медицина» ЖШС және «Күзет-Павлодар» ЖШС мамандары қатысты. Адамдар ғимараттан аман-есен шыққан соң «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС қызметкерлері құрылыс нысанының барлық төрт қабатын тексеріп, жаттығуды аяқтады.

Тұрақты түрде оқу-жаттығулар жүргізу арқылы қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының өрт кезіндегі әрекеттерді үйлестіруге дайындығын шыңдайды. Сондай-ақ мұндай іс-шаралар авариялық-құтқару қызметтерінің өрттерді сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын арттырады.

«ПМХЗ» ЖШС Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фотосуреттерді ұсынған «ПМХЗ» ЖШС АҚ және ТЖ бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу