«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
22.01.2025
231 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері өрт сөндіргіштерді дұрыс қолдану дағдыларын меңгерді 2025 жылдың 15 қаңтарында Павлодар мұнай-химия зауытының оқыту орталығы ғимаратының қасында ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолдану арқылы өрт көзін сөндіру бойынша тәжірибелік оқу-жаттығу өтті.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің өрт сөндіру дағдыларын пысықтауға арналған шараны «ПМХЗ» ЖШС-ның еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар (АҚ және ТЖ) бөлімі ұйымдастырды. Өрт сөндіргіштермен жаттығуды бір бірлік арнайы көлігі бар 5 адамнан тұратын "Семсер-Өрт Сөндіруші" ЖШС ПФ-ның өрт және газ қауіпсіздігі кезекші отрядының қолдауымен ТЖ және АҚ инженері Николай Попенко және өрт қауіпсіздігі инженері Арман Букаев жүргізді. Іс-шараға зауыттың 58 қызметкері қатысты.

Кіріспе нұсқаулықты "Семсер-Өрт Сөндіруші" ЖШС ПФ маманы өткізді. Ол өрт сөндіргішті қолдану тәртібін көрсетіп, өрт шыққан жағдайда қауіпсіздік техникасының басты ережелерімен таныстырып шықты. Барлық шара қатысушылары өрт сөндірудің негізгі ережелерін теория жүзінде меңгеріп болғаннан кейін іс жүзінде қолдануды үйренді. Өрт сөндіру жасағы мамандарының бақылауымен зауыт қызметкерлері кезек-кезек арнайы науаға жақындап, өртті жою үшін ұнтақты өрт сөндіргішпен жұмыс істеу бойынша алған білімдерін пайдаланды.

Жаттығудың көмегімен павлодарлық мұнай өңдеушілер ұнтақты өрт сөндіргіштерді пайдалану ережелерімен танысып, аталмыш құралдарды тәжірибе жүзінде қолдануды үйренді.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Асылжан Жеңіс
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу