«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
27.01.2025
218 просмотров
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС ақпараттық хабарламасы

«ПМХЗ» ЖШС Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес 2025 – 2034 жылдар кезеңіне арналған Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын қоғамдық талқылау түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Бағдарламаның қоғамдық талқылауы 2025 жылғы 27 қаңтардан бастап 2025 жылғы 21 ақпанға дейін (қоса алғанда) «Бірыңғай экологиялық портал» сайтында өтеді.

Талқылауға шығарылған Бағдарлама 2025 жылғы 27 қаңтардан бастап 2025 жылғы 21 ақпаны қоса алғандағы мерзімде «Бірыңғай экологиялық портал» сайтында танысуға және ескертулер мен ұсыныстар енгізуге қолжетімді болады. Талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды.

Бастамашының реквизиттері мен байланыс деректері: «Павлодар мұнайхимия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: заңдық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, Химкомбинатовская көшесі, 1; бизнес сәйкестендіру нөмірі: 001140000362; Бас директор: Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы; байланыстар: кеңсе: тел. нөмірі: 8 (7182) 39-65-51, 8 (7182) 39-63-97, электрондық мекенжайы: kanc@pnhz.kz; қоршаған ортаны қорғау қызметі: Жүсіпова Гүлмира Қамариденқызы, телефон нөмірі: 8 (7182) 39-61-09, + 7 705 129 62 77, электрондық мекен-жайы: g.dzhusupova@pnhz.kz. «ПМХЗ» ЖШС байланыс деректері қосымша ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін алу үшін қолданылады.

Құжаттаманы әзірлеушілердің реквизиттері мен байланыс деректері: «ГеоПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «ГеоПроект» ЖШС); заңдық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Сарықамыс шағын ауданы, 19-үй; бизнес сәйкестендіру нөмірі: 980740004456; Директор: Ұлықпан Мұрат Ерсайынұлы; байланыстар: Ширяева Наталья Владимировна, нөмірі телефон: +7 777 072 73 92. электрондық мекенжайы: info@geoproject.kz; natali82.08.82@mail.ru.

Қоғамдық тыңдауларды қоғамдық талқылау түрінде үйлестіруге жауапты жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 5Б мекенжайы бойынша 305-кабинетте және де 8 (7182) 32-16-81 телефон нөмірі, kense.dpr@pavlodar.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылдайды.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу