Жеңімпаздарды анықтау мақсатында жыл бойы өндірістердің қызметін бағалау бойынша арнайы комиссия жұмыс істеді.
2024 жыл ішінде өндірістер қызметіне жүргізілген сараптаманың нәтижелеріне сәйкес «2024 жылғы ПМХЗ-ның үздік өндірісі» атағына Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі (АМҚӨӨ) ие болды.
Шешім қабылдау барысында комиссия өндірістік бағдарламаны орындау бойынша жалпы тиімділік, технологиялық режим нормаларына сәйкестік, ЕІІ энергия тиімділігінің индексі, апаттарды жою жоспары бойынша жаттығулардағы іс-қимылдар, жоспардан тыс талдамалық бақылау және кондициялық емес талдаулар бойынша деректер, сондай-ақ өрт және газ қауіпсіздігі мәселелері бойынша дайындық деңгейі сияқты көрсеткіштерді есепке алды.
«ПМХЗ» ЖШС-ның үздік бригадасы номинациясында Сумен жабдықтау және кәріз цехының мұнайды аулау учаскесінің №2 бригадасы жеңімпаз атанды. Бригада құрамында: С.А. Двиницкий, Т.М. Прозорова, К.А. Жолдыбаев, С.М. Лунегов, Д.А. Тимошко, Б.Ж. Қалымов.
Аталмыш номинация бойынша үздіктерді анықтау барысында өндіріс мәдениеті бойынша жетістіктер, басшылық тапсырмаларының сапалы әрі уақытылы оырналуы, өндірістік жарақаттану жағдайларының орын алмауы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ескертулердің жоқтығы, өндірістік қауіпсіздік ережелерін бұзу жағдайларының болмауы және персоналдың штаттық емес жағдайлардағы әрекет етулері есепке алынды.
Екі номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау комиссиясы келесі мүшелерден тұрды: бас директордың орынбасары – техникалық директор С.В. Петрук, өндіріс департаментінің директоры А.А. Аникин, персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Т.Б. Жданова, ЕҚ бойынша бас техникалық жетекші – еңбек пен қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Б.П.Аликулов, өндірісті оңтайлы жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы С.М. Халатов, ТБ басшысының міндетін орындаушы – бас технолог Я.Сергеевс, орталық өндірістік-диспетчерлік басқарма басшысы М.С.Едигарев, «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрағасы М.К.Хамитов, комиссия хатшысы – технологиялық үдерістерді модельдеу бойынша бас инженер А.В.Смык.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі