«ПМХЗ» ЖШС 2014-2016 жылдары «ПМХЗ-ны модернизациялау» жобасын іске асыру мақсатында алынған несиені уақытылы жапты.
Тартылған қарыз қаражатының жартысын "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ұсынды. ПМХЗ валюталық міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеді, ал теңгемен өтеу кестеге сәйкес жүзеге асырылды.
2024 жылдың 25 желтоқсанында зауыт несиені өтеуді толықтай аяқтады. Жеңілдікті пайыздық мөлшерлеме мен теңгемен қаржыландыру несие шарттарын тиімді етті, ал несие бойынша өз-өзіне қызмет көрсету қосымша шығындардың болу ықтималдығын жойды.
ПМХЗ-ны модернизациялау жобасын іске асырудың арқасында келесідей көрсеткіштерге қол жеткізілді:
мұнайды қайта өңдеу көрсеткіші 19%-ға өсті;
бензин мен дизель отынының сапасы К-2 экологиялық санатынан К-4 санатына дейін жақсартылды;
8%-ға артық бензин алынды;
34%-ға көбірек дизель отыны алынды;
мұнайды қайта өңдеу тереңдігінің көрсеткіштері 6%-ға өсті;
қондырғылардың басым бөлігі заманауи басқару жүйесіне өтті;
кәсіпорынның ескірген технологиялық тораптары жаңартылды.
Жаңғырту аясында изомерлеу, нафта сплиттері, күкірт өндіретін қондырғылар кешені сияқты жаңа қондырғылар іске қосылды.
Несие бойынша төлемдердің уақытылы төленіп аяқталуы кәсіпорын активтерінің тиімді басқарылуы мен ұтымды тәсілдеме қолданылуының айқын дәлелі.