«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
04.02.2025
238 просмотров
ПМХЗ қызметкері кәсіподақтардың облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуіне барып қайтты

2025 жылдың 17 қаңтарында Павлодар облысының мәслихат депутаттары аймақтың кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен кездесті. Шараға цехтік кәсіподақ комитеті мүшесі, санитарлық зертхананың химиялық талдау бойынша зертханашысы – ПМХЗ қызметкері Диана Мельник қатысты.

Диана Мельник

Кездесу барысында кәсіподақ ұйымдары мүшелері жұмыскерлердің әлеуметтік қауіпсіздігін арттыру және жастар арасындағы жұмысшы мамандықтардың өзектілігін арттыру мәселелеріне қатысты ойларын ортаға салды. Диалогқа шақырту алған әр түрлі салада еңбек ететін кәсіпорындар қызметкерлері өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды. Кездесу аяқталған соң, ұсынылған мәселелерді жылдам шешу мақсатында мәслихат мүшелері құзыретті органдарға депутаттық сауалдарды әзірледі.

Жиын кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында өтті. Сондай-ақ аталмыш ғимаратта «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай еліміздегі сұранысқа ие мамандықтарды  танымал етуге арналған бейнесуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияға слесарь, токарь, металлург сияқты әр түрлі мамандық өкілдерінің, оның ішінде ПНХЗ-ның технологиялық қондырғылар операторы мен компрессорлық қондырғылар машинисінің бейне суреттері қатысты. Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысшылары Батырбек Нұрмәди мен Мират Есмұхаметов фотокөрменің кейіпкерлері ретінде таныстырылды. Бұл екеуі де «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары.

Батырбек Нұрмәди

Мират Есмұхаметов

Кездесу соңында бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Шаралардың бірсыпырасы әр түрлі сала жұмыскерлерімен әлеуметтік-еңбек құқықтарын талқылауға арналды. Оның ішінде мұнай өңдеу саласы да болды. Қалғаны жастардың арасында жұмысшы мамандықтары дәріптеуді мақсат еткен.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото  Павлодар облысының Кәсіби орталығымен ұсынылды
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу