«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
07.02.2025
196 просмотров
ПМХЗ-да биіктікте жұмыс жасауға арналған оқу алаңы ашылды

2025 жылдың қаңтарында ПМХЗ аумағында биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде жұмысшылардың дайындық деңгейін арттыруға арналған полигон ашылды. Жоба заманауи стандарттарға сәйкес және қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету мақсатында зауыттың Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментімен жүзеге асырылды.

Оқу-жаттығу полигоны Қазақстан Республикасының 11.04.2011 жылғы №188-V «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңын жүзеге асыру аясында құрылған және тәжірибелік сабақтарға қажетті түрлі элементтерді қамтиды. Оның көмегімен жұмысшылар биіктікте, шектеулі және тұйық кеңістікте жұмыс істегенде жазатайым оқиғаларды алдын алуға көмектесетін дағдыларын жетілдіре алады.Полигон ғимараты күкірт өндіру және жалпы зауыт объектілерінің аумағындағы №19 әкімшілік-тұрмыстық корпусында орналасқан. Жалпы ауданы 130 шаршы метр, жаттығу аймағындағы төбенің биіктігі 5,7 метрді құрайды.

Тәжірибелік оқыту және жұмыс ортасының имтациясын жасау үшін полигонын іске қосылуы оқу материалын тиімдірек меңгеруге мүмкіндік береді. Негізгі мақсат – сыни жағдайлар туындаған кезде «қорқыныш/қапылыста қалу» факторын азайту, бұл әсіресе тәуекелдермен жиі күресуге тура келетін жұмысшылар үшін маңызды. Маңызды аспект – адамдарды құтқару үшін төтенше жағдайлар сценарийлері мен әдістерін әзірлеу. Алынған дағдыларды сақтау және тексеру үшін де тұрақты тәжірибе қажет, бұл шынайы өмірлік жағдайларда сенімділік пен тиімділікті қамтамасыз етеді.

Полигон үш негізгі элементтен тұрады. Біріншісі – биіктікте жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін шатырлар мен жылжымалы баспалдақтар. Екінші элемент – қорғалмаған биіктік жиектерін имитациялайтын алаң, жаттығушыларға құлау кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігін, жарақат алу қаупін азайту әрекеттерін түсінуге көмектеседі, Үшінші элемент - қиын жағдайларда қозғалыс пен жұмысты жаттықтыруға арналған өрт сатылары түріндегі тік құрылымдар.

Оқу-жаттығу аймағында тұйық кеңістіктегі жұмыстарды атқаруға ерекше көңіл бөлінген: қызметкерлер үздіксіз биікке көтерілу мен түсуді, сондай-ақ аз жарық жағдайында резервуарлар мен құдықтардан эвакуациялану процедураларын орындай алады.

Сынақ алаңын құрастыруда заманауи талаптарға жауап беретін жоғары сапалы материалдар пайдаланылды: болат, ылғалға төзімді фанера, полимерлі жабын. Бұл оқу жабдықтарының сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.

Бұл проактивті жоба зауыт жұмысшыларына сапалы дайындықтан өтіп, тиімді жұмыс істей алатынын біле отырып, өз міндеттерін сенімді орындауға мүмкіндік береді.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото  Михаил Брюховец
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу