«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
14.02.2025
193 просмотров
ПМХЗ-да мұнай-битумды құю бойынша екі жаңа тораптың құрылысы аяқталды ПМХЗ-ның ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісіндегі автоцистерналарға тиеу жүйесін жаңарту мақсатында мұнай-битумды құю бойынша екі жаңа торап салынды.
Тораптар құрамына мұнай-битумның берілу көлемін реттейтін басқару пульті бар жабылған тиеу аймағы, автоцистерналарға битумды жеткізетін және қысқы уақыттағы үздіксіз жұмысты қамтамасыз ететін заманауи электрлі жылыту жүйесімен жабықталған құбыр, шығатын буларды алшақтату және өрт сөндіру жүйелері кіреді.

Құю бойынша жаңа станция қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сай келуімен қатар автоцистерналарды толтыру үдерісін бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, көліктің мұнай өнімдерімен шамадан тыс толтырылуын және құйылу кезінде қайнап кетуін болдырмайды. Құюдың жаңа салынып біткен құрылғыларында битум мөлшерін анықтау массалық өтімөлшегіштің көмегімен жүзеге асырылады. Автоцистернадағы битум мөлшері жеткілікті деңгейге жеткеннен кейін ілмекті арматура автоматты түрде жабылып, материалдың құйылуы тоқтайды.

Битум шығаратын бу мөлшерін азайту мақсатында тиеу учаскесін бақылауда ұстайтын құюшы-қотарушы жұмыс аймағында буларды қауіпсіз аймаққа шығару қарастырылған. Бұл жұмыскердің еңбек жағдайына оң әсерін тигізіп, бақылау аймағын экологиялық тұрғыдан біршама таза етеді. Құю тораптары өрт қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес келеді, ал объектілер автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған.

2024 жылы битум өндірісі қондырғысының жаңа пеші іске қосылғаннан кейін ПМХЗ өзі үшін рекордық болып табылатын 360,6 мың тонна өнім өндірді. Жаңа тораптар тиеуді жылдамдатып, құю дәлдігін арттырады және мұнай өнімдерімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік деңгейін жоғарылатады. Битум тиеудің ішінара автоматтандырылуы өндірістік үдерістерді жетілдіруге әрі оның нәтижелеріне адами фактордың ықпалын азайтуға мүмкіндік береді.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Нурсултан Нурумов
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу