№96 балабақша 1979 жылғы желтоқсан айының соңында жұмысын бастады. 20 жылдан астам уақыт №18 және №37 цехтар ретінде Павлодар мұнай-химия зауытының құрылымында болды. Кейін 2001 жылы «Павлодар қаласының мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің балансына берілді.
Мерейтойға орай 2025 жылдың 15 қаңтарында орталықта мерекелік шара ұйымдастырылып, шымылдығы оның тарихына арналған бейнероликпен ашылды. Одан кейін орталық тәрбиеленушілері мен түлектерінің қатысуымен әсерлі концерт өтті. Балалар көрермендеріне жүрек пішіндес сыйлықтар дайындапты. «Ертіс» арнасының журналистері мен телеоператорлары мерейтой орнынан репортаж жасады.
Концерт қонақтары ата-аналар, білім бөлімінің өкілдері, қаладағы білім беру ұйымдарының басшылары болды. ПМХЗ-дан арнайы шақырылған қонақтар – өндірістік активтердің сенімділігі және механикалық тұтастығы департаментінің директоры Владимир Леонидович Родионов және «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ» ҚБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мирас Сержанұлы Хамитов.
Біздің өкілдер құттықтау сөз сөйлеп, орталыққа «Canon» принтерін сыйға тартты.
Орталық жетекшісі Майкеш Теміртасқызы Балтабаеваның айтуынша, бұл күн – шын мәнінде ерекше есте қалар күн. Өйткені кіші және жоғары сынып оқушылары өнер көрсетіп, бар білгенін ортаға салып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі