«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
18.02.2025
171 просмотров
ЭЛМТГ және ПМХЗ арасындағы меморандумға қол қойылды 2025 жылдың 29 қантардағы кездесуде «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС мен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өкілдері серіктестік, өзара түсіністік және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын сақтаудағы бейілділік, өрт, газ, экологиялық және өндірістік қауіпсіздік жайында меморандумға қол қойды.
Меморандум арқылы тараптар өз кәсіпорындарының қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға өз міндеттемелерін айқындады. Құжатта қауіпсіздік стандарттарын жақсарту мәселелерін шешуге бағытталған бірлескен жоспарларға баса назар аударылған. Тараптар жұмыс орындарын жақсарту үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы біліктілік пен тәжірибе алмасу бойынша тұрақты іс-шараларды өткізуге міндеттенді.

Меморандумға қол қою тәуекелдерді басқарудағы белсенді көзқарасты көрсетеді. Сондай-ақ қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс ортасын қамтамасыз етудегі ұжымдық күш-жігердің маңыздылығын айшықтайды.

Анықтама:

«Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС — 2016 жылы құрылған, қатысу үлестері 75% және 25% құрайтын Air Liquide пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бірлескен кәсіпорыны. 2018 жылдан бері Павлодар мұнай-химия зауытына сутегі мен азотты жеткізумен айналысады.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу