Қауіпсіздікке жаңа қадам: «ПМХЗ» ЖШС жансақтау дағдыларын пысықтауға арналған заманауи жаттықтырғышпен жабдықталды
19.02.2025
130 просмотров
«Медикер - Өндірістік медицина» ЖШС медициналық ұйымы «ПМХЗ» ЖШС үшін жүрек-өкпелік реанимациялық дағдыларды пысықтауға арналған электрондық жүйемен жабдықталған ересек адамның толық бойлы жаттықтырғыш манекенін сатып алды.
Бұл манекен мен оның құрылысы анатомиялық және тактильдік жағынан адамның денесі мен терісін, ұйқы күретамырындағы соғысты, аяқ-қол қозғалысының табиғи диапазонын қайталайды.
Кәсіпорынның қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі барлық қызметкерлер қолданатын дәрігерге дейінгі көмек көрсету нұсқаулығын жасап шығарды. Жаттықтырғыштың арқасында жұмыскерлердің теория жүзінде ғана емес, сонымен қатар іс жүзінде де медициналық көмек көрсету нұсқаулықтарының меңгерілу деңгейін манекенің көмегімен тексеру мүмкіндігі туып отыр.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі