«ПМХЗ» ЖШС экологияны қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері үшін ашық есік күнін өткізді.
Кәсіпорында келесі тұлғалар болып қайтты:
Күн тәртібіндегі басты мәселе кәсіпорындағы жұмыс және экологиялық ахуалмен танысу болды. Қонақтарға өндірістік және экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берген жаңалықтар мен технологиялар таныстырылды.
Іс-шараға қатысушылар сұйытылған көмірсутек газдарын тазарту қондырғысын, битум өндірісінің жаңа технологиялық пешін, зауыттың орталық басқару пультінің жұмысын көріп, кәсіпорынның экологиялық жағдайымен танысты. Кездесу барысында қоршаған ортаға әсерді төмендету үшін жаңа үздік қолжетімді техникаларды енгізу мәселелері талқыланды.
Жиын соңында қонақтар зауыт басшылығына шақыру үшін алғыс білдіріп, экологиялық шаралар мен іс-шаралар бойынша алдағы ынтымақтастықты ұсынды.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі