«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
20.02.2025
155 просмотров
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС ақпараттық хабарламасы

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС кешенді экологиялық рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінде көзделген «ПМХЗ» ЖШС объектілерін салу/жаңарту және пайдалану жөніндегі жобалық құжаттамасы: технологиялық нормалау көрсеткіштерінің негіздемесін қоса алғанда технологиялық нормативтер жобасы; қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобасы - атмосфералық ауаға ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобасы, арнайы су пайдалануға арналған лимиттерді қоса алғанда, «Сарымсақ» жинақтағышына ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобасы; табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсерлер нормативтерінің жобасы; қалдықтарды жинақтау/көму лимиттерін қоса алғанда, қалдықтарды басқару бағдарламасы; өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы; көзделіп отырған қызметтің жобалық құжаттамасы құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімдері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

«ПМХЗ» ЖШС географиялық координаттары (градус, минут, секунд): солтүстік жағы 52°22'56"N 76°54'47"E, шығыс жағы - 52°22'26"N 76°55'40"E, оңтүстік жағы - 52°21'17"N 76°54'27"E, батыс жағы - 52°22'39"N 76°53'11"E.  

«ПМХЗ» ЖШС әсер ету аумағының географиялық координаттары (градус, минут, секунд): солтүстік жағы 52°23'29"N 76°54'00"E, шығыс жағы - 52°22'34"N 76°56'28"E, оңтүстік жағы - 52°20'49"N 76°54'28"E, батыс жағы - 52°22'43"N 76°52'46"E.

Ашық жиналыстар түріндегі қоғамдық тыңдаулар әкімшілік-аумақтық бірліктерде өтеді:

1. Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Павлодарское ауылы:

- қоғамдық тыңдауларды өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 24 ақпан сағат 11:00-де, қоғамдық тыңдауларға қатысушыларды тіркеу 2025 жылғы 24 ақпанда сағат 10:30-да басталады;

- қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орын: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Павлодарское ауылы, Мұқан қаған көшесі, 5, «Роза Бағланова атындағы мәдениет үйі» МКҚК.

2. Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ.:

- қоғамдық тыңдауларды өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 24 ақпан сағат 15:00-де, қоғамдық тыңдауларға қатысушыларды тіркеу 2025 жылғы 24 ақпанда сағат 14:30-да басталады;

- қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орын: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 70, «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК, акті залы.

Бейнеконференцбайланыс форматындағы қоғамдық тыңдауларға Microsoft Teams платформасы арқылы қол жеткізуге болады. Microsoft Teams бейнеконференциясына қосылу мына сілтеме арқылы: https://ddei5-0-ctp.trendmicro.com/wis/clicktime/v1/query?url=https%3a%2f%2fteams.microsoft.com%2fl%...00; жиналыс идентификаторы: 473 757 407 723; коды: 4cU9M442. 

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, соның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар тек бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі.

Бастамашының реквизиттері мен байланыс деректері: «Павлодар мұнайхимия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: заңдық мекенжайы - Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, Химкомбинатовская көшесі, 1; бизнес сәйкестендіру нөмірі - 001140000362; Бас директор - Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы; байланыстар: кеңсе - тел. нөмірі - 8 (7182) 39-65-51, 8 (7182) 39-63-97; электрондық мекенжайы - kanc@pnhz.kz; қоршаған ортаны қорғау қызметі - Жүсіпова Гүлмира Қамариденқызы, телефон нөмірі - 8 (7182) 39-61-09, + 7 705 129 62 77; электрондық мекен-жайы - g.dzhusupova@pnhz.kz. «ПМХЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау қызметінің байланыс деректері қосымша ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін алу үшін қолданылады. 

Құжаттаманы әзірлеушілердің реквизиттері мен байланыс деректері: «ГеоПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «ГеоПроект» ЖШС): заңдық мекенжайы - Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Сарықамыс шағын ауданы, 19-үй; бизнес сәйкестендіру нөмірі - 980740004456; Директор - Ұлықпан Мұрат Ерсайынұлы; байланыстар - Ширяева Наталья Владимировна, нөмірі телефон - +7 777 072 73 92, электрондық мекенжайы - info@geoproject.kz; natali82.08.82@mail.ru.

Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттама Бірыңғай экологиялық порталында, жергілікті атқарушы органның сайтында «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде орналастырылған. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттама бойынша қағаз немесе электрондық нысандағы ескертпелер мен ұсыныстар https://ecoportal.kz бірыңғай экологиялық порталында қабылданады, сонымен қатар жергілікті атқарушы орган «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 5Б мекенжайы бойынша 305-кабинетте және де 8 (7182) 32-16-81 телефон нөмірі, buhina.raushan@pavlodar.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылдайды. 

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу